|
31.03.2017 | 12:09
1619

Иорданияда араб елдері лигасының саммиті басталды

Иорданияда араб елдері лигасының саммиті басталды. Ұйымға солтүстік африка мен қиыр шығыстың 21 мемлекеті мүше. Басқосуда Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы мен Еуропалық Одақтың Сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі бой көрсетті. Кездесуде басты тақырып - Сирия мәселесі, Палестин мен Израиль арасындағы шиеленісті шешу. Араб әмірлерінің пікірінше, Иерусалим 1967 жылы жаулап алған Палестинаның жерін қайтару тиіс. Өз кезегінде, араб елдері Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасты реттейді.

«Қиыр Шығыста бейбіт өмір мен тұрақтылық палестиналық мәселе шешім таппайынша орнамайды. Бұл түйіннің шешімі - екі мемлекет құру»,- деді Абдалла II ибн ХУСЕЙН, ИОРДАНИЯ КОРОЛІ.

«Израиль мен Палестина арасында бітімгершілік пен әділетті ортақ шешім Еуропалық одақ үшін өте маңызды. Біз екі мемлекетті құру арқылы бұл мәселенің шешім табатынына сенімдіміз»,- деді Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі, Федерика МОГЕРИНИ.

Біріккен Ұлттар Ұймының бас хатшысы Сириядағы шиеленіске қатысты бір тоқтамға келді. Ол - саяси біркелкілік орнату. Сонымен қатар, кездесуде Йемен және Ливия жайында сөз болды.

«Сириядағы соғысты аяқтайтын кез келді. Мен Астанада оқ атпау жөнінде жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенемін. Женевадағы саяси келіссөз де барынша жемісті болуына жұмыс істейміз. Сириядағы терроризммен күресіп қана емес, сонымен қатар саяси түрлендіру арқылы шешуге болады. Яғни, халық өз болашағын өзі таңдау керек»,- деді БҰҰ бас хатшысы, Антониу ГУТЕРРЕШ.




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир