Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Алакөлге арналған демалыс 2017: бағасы, қалай баруға, тұруға болады?

Қазақстанның шығысында Алакөл көлі орналасқан. Таза, мөлдір суда Менделеевтің кестесі мен қатар емдік қасиеті де бар. Қазақстандықтар он жылдан бері Алакөлге демалу үшін ғана емес, күш жинап, емделу үшін де барады. Көптеген турбазалар, қонақүйлер мен хостелдер отандық және шетелдік қонақтарды қуана-қуана қабылдайды. Шағын ғана жұмыс қалды - билет алу және саяхаттқа шығу! Қазіргі таңда Алакөлге әртүрлі тәсілмен жетуге болады – ұшақпен, пойызбен, автобуспен немесе автокөлікпен. Жыл сайын көлге келушілердің қатары көбеюде, сол үшін бағыттар мен тасымалдаушылардың сандары артып жатыр. Жақын арада Алматы мен Алакөл арасында жаңадан қатынайтын рейстер пайда болуы мүмкін. Ал біздің даярлаған «Алакөлге қалай жетуге болады?» атты танымдық роликтен әр көліктің жағымды мен жағымсыз жақтарын, билеттің құнын және басқада көптеген мәліметтерді білесіздер!

 "Туран Экспресс" Компаниясына және Роман Ботабековтың өзіне, «Алатеңіз» қонақ үй комплексіне (Alateniz HV), "Пеликан" және "Алмас Бриллиант" демалыс базаларына бізді Алакөлге жеткізіп, ақпараттар алғанымыз үшін алғысымызды білдіреміз.