|
25.05.2017 | 11:29
1502

Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің бас директоры ұсталды

Астанада Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің бас директоры Болат Халық Шүзелбайұлы 70 мың АҚШ доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәлімдеуінше, күдікті мердігер мекемеден орындалған жұмыстарға бөлінетін қаржы актісіне уақытынан бұрын қол қойып, қылмыстық топты ұйымдастырған. Сонымен қатар Болат Халық мекеменің бас есепшісі мен Атыраудағы филиал басшысы Махмутованың қатысуымен де қомақты қаржыны жымқыруы мүмкін деген күдік бар. Күдіктінің тұрғын жайын тексеру барысында 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге табылған. Қазір олар тұтқынға алынып, уақытша тергеу изоляторына жабылды. Сот алды тергеу ісі жүргізіліп жатыр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир