|
27.06.2017 | 11:58
1335

Кез келген жастағы азамат Еуропа елдерінде тегін оқуға мол мүмкіндік ала алады

Енді білім іздеген кез келген жастағы азамат Еуропа елдерінде тегін оқуға мол мүмкіндік ала алады. Алматыда еліміздегі ең ауқымды білім көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге 100-ден астам шетелдік білім беру орталықтары мен еліміздің 70-ке жуық жоғары оқу орындары қатысуда. Биыл шетелде білім алу үшін азаматтарға грант беру саны артқан. Мәселен, былтыр Венгр елінен 45 оқу гранты берілсе, биыл 200-ге өсіпті. Сол сияқты Қытай мен Чехия елдері де елімізге 200-ге жуық білім грантын беруді жоспарлап отырған көрінеді. Талапкерге қойылар басты талап: ағылшын тілін білу. Сондай-ақ, мектеп бітіруші болса - аттестаттағы орташа баллы 4,5 ұпай болуы шарт. Ал бакалавр маманының орташа білім көрсеткіші - 3.0 GPA (джипиэй)-ден жоғары болуы керек. Көрме ертеңге дейін жалғасады. 

«Бүгінгі іс-шараға жоғары білім алу мүлдем тегін елдерді әкеліп отырмыз. Олар Францияның 12 жоғары оқу орны, Германияның 13, Венгрияның 11 жоғары оқу орны келіп отыр. Қазіргі ақпаратқа сәйкес шетелде 70 мыңға жуық қазақстандық азамат білім алып жатыр. Оның мыңға жуығы біздің білім саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде білім алып жатыр»,- деді «Халықаралық білім орталығы» АҚ вице-президенті, Зүлфия ТӨРЕБЕКОВА. 

 

 


 

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир