|
28.12.2016 | 12:02
1414

Кез келген кәсіпкер «Самұрық-Қазына» Ходингінің сатып алуларына қатыса алады

«Самұрық-Қазына» Ходингіндегі сатып алулар ашық және оңай Ұлттық әл-ауқат қоры сатып алудағы қағазбастылықтан арылуда. Жаңа ақпараттық жүйенің бірнеше жыл жұмыс істеуінің арқасында сатып алу процессі ыңғайлы, тиімді және жылдам жүзеге асады дейді мамандар. Тендер өткізу толығымен автоматтандырылған. Яғни, кез келген кәсіпкер «Самұрық-Қазына» Ходингінің сатып алуларына еш кедергісіз қатыса алады деген сөз. Алдағы бейнематериалда толығырақ.

«Самұрық-Қазына» Ходингінің сатып алулары жүйесін автоматтандыру арқылы «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары соңғы үш жылда 170 млрд теңге үнемдеген. Заманауи технологияны енгізгеннен кейін тендер өткізу кезінде қағазбастылықтан құтылып, ашық түрде әділетті таңдау іске асуда. Мамандардың есебінше, тек нотариустың қызметтері, пошта және іссапарға кететін шығындардан қор 14 млрд теңге үнемдеген.      

«Ақпараттық жүйенің өзі тендерге қатысатын негізгі жеткізушілер бір-бірінің конкурсқа қатысуға жіберген құжаттарын қадағалап, қарап отыра алады. Барлығы ашық түрде өтеді. Сондықтан, кез келген қателікті қатысушылардың өздері анықтай алады. Бұл әділетті тендер өткізудің бірден-бір кепілі деп есептейміз», - деді «Самұрық-Қазына контракт» ЖШС бас директоры Серікбек ЕЛШІБЕКОВ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, электронды алаң негізгі жектізушіні таңдау, қажет болса қателігін жөндеу үшін өте тиімді құрыл. Мәселен, тендер кезінде көңілі толмаған кәсіпкер шағым түсірсе, комиссия бірден мәселенің мән-жайын білгенше сатып алу процессін тоқтатып, шағым бойынша тексеру жүргзеді.

«Бұл мықты бәсекелестікті тудыратын үрдіс. Алдағы уақытта аталмыш жүйе жалғасын тауып жатса, ұсынылатын қызмет, тауардың сапасы артады. Біз «Казгеокосмос» компаниясының атынан осындай ашық тендерге қатысуға әрқашанда құмар болмақпыз. Себебі, осы арқылы компанияның қандай деңгейде екенін білуге болады. Шет ел, отандық компаниялармен қашанда бәсекелестікке түсуге дайынбыз», - деді кәсіпкер Руслан АМАНБАЕВ.

«Самұрық-Қазына» бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықты жүргізуді іске қосты. Баға саясатын бақылау үшін бизнес өкілдері бір-бірінің тауар және қызмет құнын қарап отырады. Ал, қатысушылардың арасында тек таңдаулылары болу үшін арнайы мамандар мен аудиторлар жеткізушілердің кеңселеріне арасына уақыт салып, қуатын бағалап отырады. «Самұрық-Қазына» Ходингінің сатып алуларына қатысуды қалайтындарға алдымен «Самұрық-Қазына» электронды порталына кірсе болғаны.


Әнуарбек Жәлел, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир