|
24.04.2017 | 10:34
1280

Халықты тіркеу мәселесі назардан тыс қалмады

Халықты тіркеу мәселесі де назардан тыс қалмады. Жас қалаға ағылған адам нөпірі шексіз. Қазірдің өзінде миллионға жеткен халық саны 2030 жылдары 2 млнды құрауы ықтимал. Осыған орай, тұрғындарды тіркеуді дұрыс қолға алған жөн.  Себебі, мұның өзі жабайы сауда сынды, жарнама арқылы заңсыз әрекеттерге жол береді деді Елбасы. Осыған орай, қаланың ішкі істер департаменті басшысына қатаң ескерту жасап, істі бақылауда ұстауды міндеттеді.

«Мысалы қараңыз, Березова көшесіндегі 156 үйде 1700 жуық адам тіркелген. Бұл бір үйдегі тіркеу ғана. Немене бөлме осыншалық созыла ма? Ал, Пригородный ауданындағы жатақханада 1200 жуық адам тіркелген. Бұл не сұмдық»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Айта кетейік, соңғы бес жылда аймақтық көрсеткіш 3 есеге өскен. Осы аралықта қаланы дамытуға 4,5 триллионға жуық қаржы бөлінген. Экономикалық көрсеткіш 12 пайызға өсіп, қаланың көркеюіне әрі мемлекеттік бюджетке құйылатын қаржы көлемі артыпты»,- деді Қалалық ІІД басшысы, Амантай ӘУБАКІРОВ.

 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир