|
17.02.2017 | 10:24
2280

Көлік және логистика саласының шығынын азайту бәсекеге қабілеттілікті арттырады

Көлік және логистика саласының шығынын азайту, базалық сала ретінде дамыту және транзит әлеуетін жетілдіру бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Елбасының биылғы жылғы жолдауында көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету,  көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет делінген. Мұны Инвестициялар және даму министрлігінің өкілі Дұғалов Ғалымжан «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының қызметкерлеріне түсіндіру кезінде тілге тиек етті. Жиынға келген 300-ге жуық жолсеріктер мен жүк бөлімінің қызметкерлері соңғы жолдаудың жай-жапсарына қанық болды.


«Уақыт орнында тұрмайды. Мемлекет өсіп жатыр. Сол себепті темір жол бойынша да, елбасымыздың тапсырмасы бойынша, тасымалдау жұмыстары көбейгендіктен осындай стратегиялық моменттер болып, өзгерістер енген. Қазақстан болашақта хаб болады, экономикамызды көбейтеді, халқымыздың жағдайы жақсы болады», - деді «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Жетісу аудандық филиалы төрағасының орынбасары  Нұрлан СЛЯМОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир