|
01.02.2017 | 09:56
4091

Коньки тебуден еліміздің атынан қанша спортшы қатысуда?

Көнеден келе жатқан спорт түрлерінің бірі коньки тебу. Ең алғашқы ресми тіркелген жарыстар Ұлыбританияда 1763 жылы қаңтар айында өткізілген. Конькимен жүгіру Универсиада ойындарына енген 12 спорттың бірі. Бұл спорт түрінен еліміздің атынан қанша спортшы қатысып жатыр? Қандай ережелері бар? Оны Перизат Көмекбайқызы айтып берсін.

Велосипед және көліксіз дистанцияда сағатына 53 шақырым жүру. Конькимен жүгірушілердің жылдамдығы дәл осындай. Тіпті ең танымал желаяқ оларға жете алмайды. 100 метрлік қашықтықта жүгіруде ямайкалық Усэйн Болттың жылдамдығы сағатына 37 шақырым. Бұл нәтижені жетілдіре түсу үшін спортшылар бірнеше сағаттап жаттығады. 

«Конькимен жүгіруде жылдамдық пен техника да қажет. Тек жылдамдыққа сеніп жүгіріп, бір ғана қате қимыл жасасаң құлап, жарыс жолынан шығып қалуың мүмкін. Сондықтан, осы екеуін қатар шыңдау керек»,- деді Конькимен жүгіру бойынша қазақстан құрамасының мүшесі, Федор МЕЗЕНЦЕВ. 

Міні жоқ аяқ киім. Спортшылар конькилеріне ерекше мән береді. Технология жыл сайын жетілдіріледі. 

«Бұл коньки арнайы мен үшін дайындалған. Ол басқа ешкімге шақ келмеуі мүмкін. Себебі, әр адамның аяқ құрылымы өзгеше. Конькидің жүзіне де қару керек»,- деді Конькимен жүгіру бойынша қазақстан құрамасының мүшесі, Федор МЕЗЕНЦЕВ.

Алматыдағы 28-ші қысқы студенттер ойындарында конькишілердің жарысы рекордтар фабрикасына баланған Медеу мұз айдынында өтуде. Спортшылардың жоғары жылдамдығы сапалы мұзсыз мүмкін болмайды. Оны бәліш сынды бір апта төңірегінде әр қабатын бөлек-бөлек құяды. Әр қабаты 1 миллиметрден аспауы керек. 

«Мұзды өте жақсы жасаған. Бұған дейін бұқаралық сырғанауға арналған болатын. Тәжірибелі мамандар оны конькимен жүгіруге арнайы дайындады»,- деді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Вячеслав СУХОРУКОВ.

«Медеу» спорт кешенінде  500, 1000 метрге сырғанаудан және 5, 10 мың метрлік қашықтықтарға коньки тебуден сайыстар өтеді. Алматы Универсиадасында мұзда шапшаң қимылдап, жүгіруді талап ететін спорт түріне Қазақстан атынан 10 ер адам және 10 әйел адам қатысады.

Перизат Көмекбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир