|
07.03.2017 | 09:50
1107

Конституцияға енген негізгі өзгерістер

Конституцияға енген негізгі өзгерістерге жеке тоқталсақ. Әуелде айтқанымыздай, Мәжіліс Конституцияға енген 26 түзетуді мақұлдады. Солардың ең негізгілері мыналар болса керек.                            

Біле жүріңіз, Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастықты, сондай-ақ Республиканы басқару нысанын ешбір жағдайда өзгертуге болмайды.

Президенттікке үміткер адамның жоғарғы білімі болуы міндетті.

Үкімет жаңадан сайланған мәжіліс алдында өз өкілеттігін доғарады. Бұл іс бұрын тек Президент пәрменімен жүзеге асатын.  

Бұдан былай, мемлекеттік бағдарламаларды Президент емес, Үкімет қабылдайтын болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдарға бюджет есебінен берілетін қаражатты қадағалайды.      

Президент Премьер-министрмен және Парламент палаталарының төрағаларымен ақылдасып, Мәжіліс жұмысын доғаруға құқылы.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир