|
28.03.2017 | 12:45
1471

Ломбард ұйымдары мен күзет мекемелері құзырлылар құрығына ілікті

Ломбард ұйымдары мен күзет мекемелері құзырлылар құрығына ілікті. Еліміздің Бас Прокуроры Жақып Асановтың қатысуымен өткен жиында ұрлықтың алдын алу шараларына қатысты мәселелер тілге тиек етілді. Бас прокурордың айтуынша, ломбард ұйымдары назардан тыс қалған. Салдарынан аталмыш мекеме ұрланған алтын бұйымдарды саудалайтын ордаға айналып отыр. Сонымен қатар, базар мен үлкен сауда орталықтарын қадағалайтын күзет ұйымдары - халықтың бағалы заттарын қолды етуге себепкер болуы мүмкін. Сондықтан Үкімет тарапынан бақылауды күшейтіп, заңға қайшы келетін компанияларды лицензиясынан айыру керек дейді. Осыған орай, Бас Прокуратура Ішкі Істер Министрлігімен біріге ұрлықпен күрестің Жол картасын әзірлепті. Жоба аясында бейнебақылау камераларына жіті көңіл бөлінбек. Яғни, осы жүйе арқылы қылмысты ашуға сеп болған азаматтарға айып-пұлдан түсетін қаржыдан сыйақы беру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, Жақып Асанов «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде қонақ алдында ұятқа қалмау мәселесін баса айтты.

«Базарларда тұратын күзет қызметкерлері белгілі бір уақытта нарыққа ұрыларды жібереді. Яғни, өздері содан ақша жасайды. Сондықтан сіздердің ұсынып отырған ұсыныстарыңызбен келіспеймін. Бізде әрбір бесінші базарлар мен супермаркеттерде тонау болып жатыр. Бұған базар басшылары мұқият болса дейміз», - деді ҚР Бас прокуроры Жақып АСАНОВ.

«Ұрлыққа жол жоқ!» жобасы аясында алдағы уақытта тұрғындар онлайн режимде бейнебақылау жүйесін тікелей қадағалауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Имей Код арқылы байланыс операторлары ұрланған ұялы телефонды бұғаттау жүйесін іске асырады. Айта кетер жәйт, 25 жыл көлемінде 2 миллионнан астам ұрлық-қарлық фактілері тіркелсе, оның 1,5 миллионы ашылмаған. Соңғы 5 жылдың ішінде осы қылмыстан келген шығын көлемі 70 млрд теңгені құрап отыр. Өткен жылдың өзінде 44 мыңға жуық пәтер тоналған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир