|
29.12.2016 | 15:11
3351

Мәжіліс «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын мақұлады. Жаңа құжатта коллекторлық агенттіктің борышкермен өзара іс-әрекет ету әдісінің нақты тізбесі айқындалған. Аталған тізбенің шегінен шығатын іс-әрекеттерге тыйым салынады, ал, оларды жасау әкімшілік және қылмыстық тәртіпте қатаң жазаланады. Қазіргі кездің өзінде шамамен 60 компания банктермен жасасқан шарттар негізінде берешекті өндіріп жатыр. Банктердің 928 мың борышкері коллекторлық агенттіктердің өндіріп алу процесінде. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның ағымдағы жылғы соңғы жалпы отырысында экологиялық мәселелерге түзетулерге байланысты заң жобасы да депутаттар қолдауына ие болды. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде қаулы қабылдады. Айта кетейік, күн тәртібіне Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе енгізіліп, депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир