|
30.03.2017 | 09:50
1126

Мәжілістің пленарлық отырысында бірнеше заң жобасы мақұлданды

Мәжілістің пленарлық отырысында бірнеше заң жобасы қаралып, мақұлданды. Солардың бірі «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы.   Бұл халықаралық ұйымның негізгі мақсаты халықаралық жеке құқық және осы өңірдегі елдер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету ережелерін жүйелеуге бағытталған. Гаага конференциясы негізінде 39 конвенция қабылданған. Олар азаматтық өндіріс саласында құқықтық көмек көрсетуге арналмақ. Ал, Қазақстанның бұл конференцияға қосылуы ел азаматтары құқықтарының шетелде тиімді әрі оңай қорғалуына мүмкіндік жасайды.


«Кеңес мүшелерінің шешімдері консенсус негізінде қабылданады. Яғни, барлық қатысушы елдердің ұстанымын есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің мемелекет үшін жаңа халықаралық шарттарды жасасуға, ұйымның басқа мүшелерімен жеке азаматтық құқықтық саласында ынтымақтастықты дамытуға, халықаралық деңгейде өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Гаага конконференциясының жарғысында Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келетін нормалар жоқ», - деді  ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.


Министрдің айтуынша, бұл ұйымға мүше болу арқылы Гаага конференциясы саясатын айқындайтын екі кеңеске қатысуға жол ашылмақ. Сонымен қатар, аталған ұйымға мүше елдер жыл сайын жарна ретінде 6 мың 850 еуро төлеуі қажет. Оған кететін шығын Сыртқы істер министрлігінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіліпті. Заң жобасы мәжіліс депутатарынан қолдау тауып, сенаттың қарауына жіберілді.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир