|
13.01.2017 | 11:51
1332

Марат Тәжин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Сондай-ақ, елбасы жарлығымен Марат Тәжин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Осыған дейін, ол Ресей Федерациясында еліміздің төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет еткен еді. Ал, Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев орнынан босады. Әзірге оның қандай қызметке ауысқаны белгісіз. Айта кетейік, Марат Тәжин осыған дейін де Президент әкімшілігінде 4 жыл еңбек еткен. Одан өзге, Елбасының көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінде хатшы болып жұмыс істеген.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир