|
02.06.2017 | 11:33
1808

«Медеу» мұз айдыны маңында жол көлік оқиғасы орын алды

 «Медеу» мұз айдыны маңында жол көлік оқиғасы орын алып, ПАЗ маркалы жолаушылар автобусы жол жиегіндегі шатқалға құлап кетті. Оқиға таңғы сағат 8-дер шамасында орын алған. Рөлде болған жүргізушінің айтуынша, төмен түсіп келе жатқан автобустың жолын қара түсті Мерседес көлігі кесіп өткен. Соққыдан сақтанам деген азамат, ойланбастан оңға бұрып жіберіпті. Жол ернеуіне барып соққан көлікті жүргізуші тағы солға бұрған. Алайда автобусты тоқтату мүмкін болмай, көпірдің алты қоршауын қиратып, төмен құлдыраған. Абырой болғанда, жүргізуші ауыр жарақат алмапты. Ал автобус ішінде жолаушылар болмаған. Бірақ көпірден бөлек, екі газ құрыбының тіреуіші қирап, бірнеше ағаш сынып кеткен.¤

«Қазіргі таңда, тергеуге Медеу ауданының ішкі істер басқармасына қарасты әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері кірісіп кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалатын болады. Жүргізушінің деректері айтылған міндетті түрде жіті тексерілетін болады»,- деді ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир