|
13.06.2017 | 12:22
932

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Екі жақты кездесуде Астана мен Қазан арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан татарстандағы «KAMAZ» кәсіпорнымен байланыс орнатып, екі елдің мамандары Алматыдағы тікұшақ зауытына қатысты жобаны бірлесіп жүзеге асырып келеді. «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралаған Татарстан басшысы көрменің ашылуымен Елбасын құттықтап, ЭКСПО-дағы экспозициясының ашқанын да жеткізді. Екі ел басшысы «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жолы аясындағы Қазақстан мен Татарстанның көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.  Кездесу соңында Минниханов Қазақстан Президентін «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттап, Мемлекет басшысын Татарстанға келуге шақырды. 

«Ресеймен де, Татарстанмен де арамызда достық қарым-қатынас орныққан. Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениеті, тілі мен әдет-ғұрпы жағынан бір-біріне өте жақын. Экономикалық байланыстарымыз да жақсы. Бізге мұнай-химия саласындағы байланысты одан әрі жалғастыру  қажет»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.







Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир