|
30.03.2017 | 11:52
1479

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар әділетсіз бөлінеді

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар әділетсіз бөлінеді. Алматыдағы бірнеше үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осындай шағым айтты. Айтуларынша, жеңімпаздардың қандай талаптар бойынша таңдалатынын ешкім білмейді. Оған қоса, қандай идеяларға бөлініп, елдің қаржысы қандай бағытта жұмсалып жатқаны да беймәлім екен. Сондықтан, базыналары бір ұйымдар мемлекеттің әлеуметтік тапсырыстарын қадағалайтын консорциум құрмақ. Өз кезегінде, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік бюджеттің нәтижелерін ашық көрсетуге дайын. Сарапшылардың пікірінше, қоғамдық ұйымдар еліміздің қазынасынан ақы күтпей, басқа демеушілерден көмек іздегені жөн деп кеңес береді. 

«Мемлекеттік тапсырыс - бұл қомақты қаражат. Мәселен, Дін және азаматтық қоғам министрлігінің ресми мәліметі бойынша биыл қаржыландыру 9,4 млрд теңгені құраған. Алайда кім және қандай критерийге сәйкес қаржы алды? Алған қаражатқа сай жұмысты қалай атқарып шығатыны қоғамның назарынан тасада қалып келеді. Жақында мемлекеттік гранттар байқау өтті. Онымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" айналысты. Жалпы сомма 600 млн теңгені құрады»,- деді «Әкелер одағы» ҚБ төрағасы, Қуаныш ЖҰМАТАЕВ.

«Мемлекеттік тапсырыс - бұл тек ақша ғана емес. Бізге неге ақша бермеді деп шағымдануға келгеніміз жоқ. Мемлекеттік тапсырыс дегеніміз өкіметтен келген көмектің басты тетігі»,- деді Ұлттық ата-аналар кеңесі «Ата-ана» РҚБ төрайымы, Жанна АХМЕТОВА.





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир