|
14.03.2017 | 10:40
1593

Мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 миллион теңгеге дейін несие алуға болады

Бизнеске қолдау. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтар жаппай оқытылады. Алматыда қалалық жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлер палатасы мен басқармасы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Айтолқын Әлиякбар көкөніс шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ. 21 жастағы бойжеткен жылыжай ашуды жоспарлап жүр. Онда қызанақ өсіремін дейді. 3-курс студенті өз ойын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдауға жүгінбек. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдау аясында мамандардан кеңес алды. 

«Осы акцияға келіп, өзімді ойландырып, толғандырып жүрген сұрақтардың барлығына жауаптарымды алдым. Үкіметтен жақсы көмек болып жатыр екен. Сол себептен осы жақын арада ашамын деген ойдамын»,- деді Студент, Айтолқын ӘЛИЯКБАР.  

Кәсібін дөңгелетем деген Айтолқын сынды жастарға нәтижелі «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 миллион теңге көлемінде жылдық мөлшерлемесі алты пайыздық несие беріледі. Биылдың өзінде 10 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда. 

«Маман болып жаңадан оқу бітірген жастарға олардың келешегі таңдап алған бизнеске жақын бизнестің түрі қалай ашылатыны оның қаржылық жолы қалай ашылатыны оның ең негізі ары қарай өзінің пайдалы өкіметке көпшілікке пайдалы шығын қалай болады осының бәрін есептеп шығаратын біздің сарапшыларымыз дайын»,- деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, Жанат ЕСТАЕВ. 

«Жол картасы 2020 бағдарламасы былтырғы жылы өзінің жұмысын тоқтатып, оның орнына жаңа бағдарлама қабылданған. Ол мына Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамыту деп бұл бағдарламаның негізгі мақсатының өзі не жұмыссыз жүрген азаматтарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды оқыта отырып, оларға кәсіби дайындық бере отырып, олардың өзіне жұмыс табу мақсаты»,- деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары, Керімқұл ЖӘКЕТАЕВ. 

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында екі жарым жылға дейін колледждерде тегін кәсіби-техникалық білім беру көзделіп отыр. Сонымен қатар, екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға қысқа мерзімді кәсіби курстар қарастырылған.

Перизат Көмекбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» Телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир