|
28.12.2016 | 11:10
1508

Мереке күндері тұрғындарды жылумен қамту ісіне жіті мән берілмек

Жаңа жылда жұрт қара суықтан қалтырап қалмауы керек. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлерге бірнеше тапсырма берді. Негізгісі - мереке күндері тұрғындарды жылумен қамту ісіне жіті мән берілуі тиіс. Сондай-ақ апаттық жағдайларды болдырмау керек. Бұл іске өңір әкімдері де жұмылады.                                   «Қысқы режим штаттық түрде өтуде. Тұтынушылар жылу және электр энергиясымен толық түрде қамтылған. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша 8 энергоблокта, 51 қазандықта, 35 турбинада жұмыстар аяқталды», - деді ҚР Энергетика министрі  Қанат БОЗЫМБАЕВ.

Мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігіне де ерекше мән берілуі керек. Қазір елімізде қылмыс саны едәуір азайған екен. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, биыл 300 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелген. Ол өткен жылдың тап осы уақытымен салыстырғанда 6,4 пайызға төмен.                  

«Елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 10 пайызға, ал, қарақшылық шабуылдар 12 пайызға азайған. Бұл - тәртіп сақшыларының тыңғылықты атқарған жұмыстарының нәтижесі. Дегенмен, тонау және ұрлық әрекеттері әлі де тыйылмай тұр. Полицейлер мереке күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир