|
08.02.2017 | 09:35
1239

Министрлер Үкімет басшысының алдында есеп берді

Отандық медиа-нарық тағы бір телеарнамен толықпақ. Биыл елімізде «Еларна» деп аталатын кино арнасы іске қосылады. Ақпарат және коммуникациялар министрі осындай жаңалықпен бөлісті. Айта кетейік, Министрлер кабинеті алдағы алты айда атқарар жұмысының тізбесін бекітті. Әр министр Үкімет басшысының алдында есеп беріп, жарты жылдың еншісіне тиесілі жоспарымен бөлісті. Жаңа жұмыс орындарын ашу, ішкі жалпы өнім көлемін арттыру, табысты көбейту секілді маңызды мәселелерден бөлек халықты тағы қандай  жаңалықтар күтіп тұр? Үкімет отырысынан Айжан Шамшидин тарқатады.

Қазақстанда бензин бағасы Ресей рублі мен теңге бағамының ара қатынасының өсуіне байланысты өсті. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Жалпы, былтыр ұлттық валютамыз рубльмен салыстырғанда 20 пайызға құнсызданған. Бағам 2 апта бұрын тағы да өзгерді. Көрші елде жанармай бағасы өзгермегенімен теңге арқылы импорттаған кезде бізге қымбаттай түседі. Жалпы елде мұнай өңдеу зауыттары жоспардағыдай жұмыс істеп тұр. Сондықтан, тапшылық жоқ және болмайды деп түсіндірді министрі. Сондай-ақ, биыл елде қара алтын өндірісі де ұлғайтылмақ.

«Мұнай нақты көлем индексін 103,8 пайызға жету үшін мұнай өндірудің жылдық көлемі 81 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл қашағаннан 5 миллион тонна, теңіз кен орнынан 27,5 миллион тонна, қарашығанақ 11, ммиллион тонна. Бірінші жарты жылдықта 40,7 миллион тонна жоспарланады. Мұнайдың экспорты 65 миллион тонна щқұрайтын болады»,- деді ҚР энергетика министрі, Қанат БОЗЫМБАЕВ. 

Білім және ғылым министрлігі барлық мектептерді интернет желісімен қамтымақ. Сондай-ақ, оқу бағдарламасына электронды оқулық пен электронды күнделік енгізуді қолға алуда. Бұл ата-аналардың бас ауруына айналған сөмке салмағын жеңілдетуге оң әсерін тигізеді дейді сала басшысы. Ал мұражай, театр секілді мәдени нысандарға тегін кіруге мүмкіндігіңіз бар. Мәдениет және спорт министрлігі осындай бастама арқылы аталған орындарға келушілер санын 45 пайызға арттырамыз деп отыр. 

«Әр айдың үшінші жексенбісінде музейлерге және жылына 4 рет театрға, олар дүниежүзілік театр күні 27-наурызда, балаларды қорғау күнінде, білім күнінде тәуелсіздік күнінде тегін баруды қамтамасыз етуді ұсынылады. Сондай-ақ мектеп демалыс шеңберінде орта мектеп оқушылар үшін театр мен музейлерге тегін бару ұсынылады»,- деді ҚР мәдениет және спорт министрі, Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ. 

Жер кодексіне де бірқатар өзгерістер енгізіледі. Шекара маңынан, шекаралық аймақтан жер телімдерін беруге шектеу қойылады. Одан басқа шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдікпен және азаматтығы жоқ адамдармен некелескен адамдарға, азаматтығы жоқ және шетелдік заңды тұлғаларға жер телімдері берілмейді. Бұл талаптар заңда нақтылап көрсетіледі. Бұдан басқа, қазір бір адамның қолында мыңдаған гектар жер бар. Ал екінші адам алдындағы малын жаятын жер таппай жүр. Енді иеліктегі жерлер қайта қаралады. Елді мекен айналасындағы жеке меншікке өтіп кеткен жерлер мемлекетке қайтарылады. Ауыл халқы үшін ортақ жайылым мәселесі шешіледі.

Айжан Шамишидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир