|
10.02.2017 | 10:34
4379

Мұқағали Мақатаевқа 86 жыл

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім». Артына өшпес қазына қалдырған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген күні. Жыл сайын ұйымдастырылатын ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі биыл да жалғасын тапты.

Бүгінде Мұқағали Мақатаевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі дәстүрге айналған. Қаланың ортасында орналасқан ақиық ақын ескерткішінің саябағына шайырдың ізбасарлары мен қазақ руханиятының өкілдері жиылды. Ақынға арнау өлеңдер оқылып, шығармалары қытай, жапон, парсы, түрік тілдерінде орындалды.

«Қазақстанның түпкір-түпкірінде әкеміздің творчествосына арналған кештер, басқа да шаралар жүріп жатыр. Ол өз халқын сүйіп өсті ғой әкеміз. Сол халқының ықыласы деп түсінем, біздің әулет солай түсінеді»,- деді М. Мақатаевтің ұлы, Жұлдыз МАҚАТАЕВ. 

Іс-шараға келген ақынның замандасы Мұқағали туралы естеліктерімен бөлісті.

«Биікпін деп еш уақытта айтқан жоқ. Мен осынша дүниені жасадым, толдым, болдым деген жоқ. Қиыншылық дәуірде өмір сүрді. Біздің Мұқағали бәріміздің балалық шағымыз болған жоқ. Мұқағали өте дарынды еді. Ол мектепте оқып жүргенде тіл әдебиеттен Садырова Әлімқожа деген мұғалім сабақ беретін, соның сабағын түгел жатқа айтып беретін»,- деді М. Мақатаевтің сыныптасы, досы, Есімқұл ТОҚСАНБАЕВ. 

Ақын шығармашылығы, жас ерекшелігіне қарамастан, қазақ аудиториясында әлі де сұранысқа ие. Жылда жастар арасында түрлі байқаулар мен семинарлар ұйымдастырылып жүр. Ал, Мұқағали оқуларының жөні бір басқа.  

«Мұқағалитануға» байланысты бірнеше іс-шаралар өткізіліп келе жатыр. Соның ішінде «Мұқағалитану» атты семинарымыз бар. Онда студенттеріміздің таза шығармашылықпен айналысуына Мұқағалидың жаңа қырына байланысты ғылыми ізденістерге басымдық танытады. Дәл қазіргі уақытта Мұқағали әлі де дәріптеліп, насихатталып жатыр, ұлттың сұранысына айналған ақын екенін дәлелдеп келеді»,- деді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, Сәуле ЕРЖАНОВА. 

Мұқағали Мақатаев қазақтың мұзбалақ ақыны атанып, ұлттық поэзияға мол серпін әкелген тұлға. Егер көзі тірі болса, бүгінде 86 жасқа келген болар еді.

Назкен Байтілес, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир