|
14.12.2016 | 10:51
5380

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету елімізде артуда

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету елімізде жақсы қолға алынған. Бұл істе медициналық мекемелер тарапынан көптеген шаруалар атқарылуда. Кембағалдарға қолдау көрсету мақсатында Алматыдағы №17 қалалық емханада игі шара жасалды, мекеме басшылығы аудандағы жарымжандарға мүгедектерге арналған арбаларды сыйға тарту етті.  Дәрігерлердің қызметін тегін алумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға диагностикалық, ультрадыбыстық, электрокардиографиялық зерттеулер жасалды. Бұл шара Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қарсаңында ұйымдастырылып отыр.


Ананың қуанышында шек жоқ. «Сапа айлығы» акциясы аясында ұйымдастырылған ашық есік күнінде Гүлжан Әбуованың жарымжан баласына 17 қалалық емхана тарапынан мүгедектерге арналған жаңа арба сыйлады. Жыл басында қайырымдылық бағытында мекеме сатып алған 30 арбаның бірі - осы Әбуовтер отбасына бұйырды.


«17 қалалық емханаға баламыз екеуіміз келдік. Тегін профосмотрдан өттік тегін барлық специалистерден. Рахмет әкімшілікке. Осылай балаларымызға көңіл бөліп, бізге көмектесіп жатқанына. Көп-көп рахмет!»,- деді Гүлжан ӘБУОВА.


Бұл бір ғана мысал. Жыл соңына дейін қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік желі арқылы балалар немесе мүгедектер үйінен іздестіріліп, табылған көмекке зәру балалар ең қажетті деген жабдықтармен қамтылмақ. Ашық есік күні қарсаңында мүгедектерге арналған арба әзірге 3 отбасына берілді.


"Әрине, мен өте бақыттымын. Жарымжандарға көңіл бөліп, түрлі сыйлықтар тарту етуде. Алматыдағы №17 қалалық емхананың әкімшілігіне айтар алғысым шексіз. Бізге осындай тамаша мереклелік кеш ұйымдастырып жатыр»,- деді Наталья ШКРЕД.


Одан бөлек, бұл күні мүмкіндігі шектеулі балаларға емхананың барлық мамандарынан тегін ем алуға мүмкіндік туды. Кембағалдар кардиолог, невропатолог, эндокринолог, окулист дәрігерлерінің көмегінен бөлек, емхана ішінен ашылып, жұмыс істейтін әлеуметтік-психологиялық қызмет түріне де жүгіне алды. Оларға диагностикалық, ультрадыбыстық, электрокардиографиялық зерттеулер жасалды. Мұндай игі бастаманы №17 қалалық емхана қолға алған.


«Бұл шара ел егемендігінің 25-жылдығына орайластырылды. Бұл атаулы дата, тәуелсіздік алғалы еліміз жан-жақты дамыды. Алматы қаласында 23-інші желтоқсанға дейін «Сапа айлығы» жарияланды. Соның шеңберінде түрлі акциялар, іс-шаралар өтуде. Мұндай игі шаралар жыл бойына жүреді. Денсаулық сақтау басқармасының мұндай айлықты ұйымдастырудағы мақсаты - медициналық мекемелердің халық игілігі үшін жасап жатқан ауқымды істерін көрсету»,- деді №17 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Виктор КИМ.  


Бұл шара Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Демек, азаматтар сапалы медициналық көмекті мемлекеттік немесе жекеменшік емдеу мекемесінде алатынын өзі шешуге мүмкіндік алады. №17 қалалық емхана - Бостандық ауданындағы орталық емхана болып саналады. Онда 90 мың адамға қызмет көрсетеді. Бұл мекемеде тұрғындардың сапалы, уақытылы медициналық көмек алуы үшін барлық жағдай жасалған. Емхана көптеген жаңа инновациялармен қамтылған.


«Қазір ем қабылдаушылар емханаға келіп, тіркелуге болсын, дәрігерлер қабылдауына болсын кезекке тұрмай- ақ, қызмет ала алады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған, зағип адамдарға арнайы белгілер қойылған»,- деді №17 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Виктор КИМ.   


№17 қалалық емхана 2012 жылы  «Кезексіз емхана» жобасының бастамашысы болды. Республика бойынша орталық бірінші болып бұл жүйені енгізді. Халыққа сапалы қызмет көрсетуде аталмыш мекеме біршімі нәтижелерге қол жеткізіп, көш бастап тұр.


Сая Меңдеке, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир