Алматы облысында жол көлік оқиғасының саны әлі де азаймай тұр

Алматы облысында жол көлік оқиғасының саны әлі де азаймай тұр. Жыл басынан бері 17 адам қаза тапқан. Ал, 67 жүргізушінің мас күйінде рөлге отырғаны анықталған. Толығырақ Нұрсейіт Жылқышыбайдың бейне материалында.

Жол ережесін елемейтіндерге қарсы Алматы облысы жол-патрульдік полициясы рейдке шықты.  Сақшылар жол бойына тұруға болмайды деген заң шыққаннан бері, ереже бұзатындар саны күрт артқан. Журналистермен бірлесіп ұйымдастырылған шараны күтпеген жүргізушілер камерадан сасқандарынан түрлі амалдарды ойлап табуға тырысты

«Алматы облысы ЖПП қызметкерлері батальонның жеке құрамы республикалық авто жолдарда қызмет атқарады. Қазіргі кезде игі шаралар болып жатыр. Олар қарсы бағытқа шығып кететіндер мен тәртіп сақшыларына бағынбайтындарға қарсы.Бүгінгі таңда жүргізушілер өз айыппұлдарын бір жетінің ішінде төлеп жатса оларға елу пайыз жеңілдік болады. Ал, егер өздерінің айыппұлдарын төлемей жатқан жағдайда мемлекеттік нөмірлерін алынады. Төлеген уақытысында барып алады»,- деді Алматы облысы ЖПП батальон командирінің орынбасары, Нұржан ҮСТЕМІРОВ. 

Бір қызығы жол талғамайтын қымбат көлік тізгіндегендер бір ауыз сөзбен барлық мәселенің түйінін шешкісі келетінін де көзіміз көрді. Ал, қарапайым жүк тасымалдайтын жүргізушілерде олардан қалыс қалатын емес. Тек олардың сылтаулары  өз кінәлерін мойындағылары келмейді.

Жүргізушілерге, сақшылардың патрулдік әдіске көшкені ұнамайтын көрінеді. Тәртіп сақшыларына бағынбай,  жол көлік оқиғаларының жиілеп кетуі жол-патрульдік полициясынан жезлдің алынын тасталғаны себеп дейді.¤

«Меніңше ЖПП қызметкерлерінің таяқтарын өздеріне қайта берсе деймін. Себебі, олар артыңнан келіп тоқтатады. Мәселе кімді тоқтатып жатқанын білмей қаласың. Көшеде қолдарын көтеріп тұрады. Такси ұстап тұрма, жоқ тоқтатып тұрма ажырату мүмкін емес»,- деді Алматы облысының тұрғыны, Төлеубек ЕЛУБЕКОВ. 

Бүгінде еш жасыратыны жоқ, мемлекеттік қызметін пайдаланып тәртіп сақшыларына бағынбай қыр көрсететіндердің салдарынан жол көлік оқиғасы азаймай тұр. Мысалға 2016 жылы алматы облысында 75 жол көлік оқиғасы тіркеліп, жүз он төр адам түрлі жарақат алып, 19 адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал, 2017 жылдың наурыз айына дейін 17 адам қаза тауып, 111 адам жарақат алыпты. Үш сағатқа созылған рейд қортындысында оннан астам түрлі хаттама толтырылды.