|
14.12.2016 | 11:07
1583

Назарбаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

Рақымшылық туралы заңға президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Елбасы аталған рақымшылықты тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырғанын айтты. Заңға сәйкес ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдеріне кешірім жасалады. Олар кәмелетке толмағандар, қарттар мен мүгедектер. Осы заң арқылы жалпы саны 28 мың адамға кешірім жасалмақ. Түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, 80 пайызы пробация қызметінің бақылауында болады. Рақымшылық терроризм мен экстремизмге қатысты сотталғандарға жасалмайды. Айта кетейік, еліміз тәуелсіздік алған 25 жылда 8 рет амнистия  жариялады.

«Рақымшылық жасау немесе кешірім ету құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан зор маңызы бар шара болып табылады. Халқымызда кеңшілік жасаған таршылық көрмес деген қанатты сөз бар. Қадамын шалыс басып, заң бұзған адамды кешіру адамгершілік пен мейірімділіктің көрінісі. Бірақ ол адам кешірімділікті түсініп, кейін дұрыс жолға түсетін болса», - деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир