Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Ольга Малышеваның Алматыдағы жаңа театрларға жасаған шолуы

Биыл көктемде Алматыда бірден үш театр командасы пайда болды. Олардың әрқайсысы қала үшін жаңа әлде ұмыт болған ескі дүниені алып келуде.


Impro club «triangle»

Актриса Елена Тайматова және Елена Тронина, режиссер Антон Зайцев және музыкант Мамед Садых-Пур «triangle» - «Треугольник» атты импровизация клуб болып бірікті. Жаңа театр командасы Алматы және алматылықтарға арналған екі спектакль-импровизацияны көрсетіп үлгерді.

Спектакль-импровизация негізінде тұрақты драматургия болмайды. Актерлер этюдіне идеяларды көрермендер ұсынады. Актерлерге жеке – жеке сөздер, көңіл күй, орын, мінез «ілмек» болуы мүмкін. Спектакль нәтижесінде қойылым бұқара алдында пайда болып, ерекше шығады – бұл спектакльді қайталау қолдан келмейді.

«Тriangle» қатысушыларының айтуынша, аудитория идея тастаумен шектеледі, ал әртістер көрермендерді сахнаға тартқылап, ыңғайсыз жағдайға қалдырмайды.

Алматылықтар спектаклей-импровизация форматымен ARTиШОК театрының «Прыжок в неизвестность» жобасының арқасында таныс. Десе де соңғы жылдары аталған театр бұл форматтағы спектакльдерді өте сирек қояды.

«Тriangle» импровизация клубын жазды күндері қаламыздың алаңдарында кездестіруге болады.




Театр соседей

Алматылық И.Л.И. театры («интерпретация личных историй») көктемде жаңа театр алаңы құрылысы грантының иегері атанды. Ол мегаполистің шетінде орналасқан аудандарды қолдау бағдарламасының аясында жүзеге асады. Жаңа театр Алматыдағы «Тастақ» ықшамауданында бой көтермек.

И.Л.И. қалада бірнеше жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Плейбек форматында орындауға мамандандырылған. Плейбек импровизацияға ұқсас  келеді, бірақ бұл жанрдан ерекшелігі - көрермендердің айтқандарын тарихқа енгізбейді, тек сөзбе-сөз ойнап береді. И.Л.И. труппасының қатысушылары – кәсіби емес актерлер, ал команданың қоятын спектакльдері көрермендермен әңгіме дүкен құрғанға ұқсайды.

«Театр соседей» «Тастақ» ықшамауданындағы тұрғын үйлер мен мектеп, балабақшалар орналасқан жерде салынады. Көрермендердің басым бөлігін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары құрайды деп жоспарлануда. Театр уақытша шатыры матадан жасалған, сахна мен көрермендер отыратын орны бар ағаш конструкциясында орналаспақ.

Жаз бойы жаңа театрда спектакльден басқа өзге де іс-шаралар – көпшілік лекциясынан бастап отбасылық мерекелерге дейін өткізілмек.





Нетеатр

«Нетеатр» атауымен кәсіби емес актерлер - Ольга Макарова, Анна Ассонова және Мария Дорошенко бас қосқан. Олардың театр студиясының түлектері және арт-менеджментпен айналысады. Сахнаға шығуды баяғадан жоспарлап келген.

Швед драматургы Расмус Линдберг «День, когда Дэн дал дуба» пьесасының желісі негізінде «Нетеатр» үшін Антон Дукравец және Катя Дзвоник қойды. Суретші Дарья Спивакова.

Алғаш рет спектакль сәуір айында көрсетілді. Жаңа көрсетілім мамыр айының соңына жоспарланған. Ол  Almaty Towers-та жаңа театр локациясында өтеді.

Бір қызығы, «День, когда Дэн дал дуба» спектаклінің командасы «Нетеатр» атауын мекшік деп есептемейді.  Өзіндік өнім шығармақ ойда жүргендер атауды қолдана берсе болады.




Мәтін: Ольга Малышева, театр сыншысы

Аударған: Меруерт Сағымхан