|
05.05.2017 | 11:01
2539

"Оралман" фильмі халықаралық фестивальде бас жүлде иеленді

"Оралман" фильмі халықаралық фестивальде бас жүлде иеленді. "Қазақфильм" мен "Қадам" кинокомпаниясы бірлесіп түсірген туынды Иранда өткенде байқауда озық танылған. Шытырман шығарма сұрапыл майдан кезіндегі бір отбасының тауқыметті күндерін бейнелейді. Фильмді түсіруге мұрындық болғандармен әріптесім Перизат Көмекбайқызы тілдесіп қайтты.

Фильмде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған отбасының өмірі баяндалады. Бас кейіпкер Базарбай қарттың бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Қария жылдар өте туған жерге оралуға бел буады. Туған өлкесіне қайтуға рұқсат алып, қайтар жолда талай қиындықтарға тап келген оралмандардың ауыр тағдыры фильмнің басты тақырыбы. 

«Кино атамекеніне қоныс аударуды армандаған қарапайым адам туралы. Фильм авторы ретінде қазақ үшін Отан ұғымы күн көріс қамы үшін ыңғайлы жер емес, байтақ дала екенін жеткізгім келді. Режиссер бұл сценарийден басқа мәселені байқаған. Ол «тозақтан» «жәннатқа» көшіп келуді суреттеді. Кейіпкеріміз көшіп келген Ауғанстанда жағдай Қазақстанмен салыстырғанда әрине, ауыр. Дегенмен, Қазақстанда да ол қиындықтарға тап келеді»,- деді Сценарий авторы, Нұрлан САНЖАР. ¤

Фильм бір жарым ай түсіріліген. Басты рөлді Сапарқұлдың рөлін тамаша сомдаған актер Дулыға Ақмолда өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен алып шығуға тырысқанын айтады.

«Келген кезде қиыншылықтарға тап болған кезде әйелінің айтатын сөзі бар. Ол кезде әкесі қайтыс болып кетеді. Сонда неге келдік біз мұнда Ауғанстанда тұра беруіміз керек еді ғой деп, сонда Сапарқұлдың менің кейіпкерімнің айтатын сөзі бар бұл әкеміздің айтып кеткен аманаты бұндай сөзді айтушы болма, қандай қиыншылық болса да, біз көнуіміз керек деп. Фильмнің соңы өте жақсы аяқталады. Оптимистік оймен. Сапарқұл перзенті болады»,- деді Актёр, Дулыға АҚМОЛДА. 

Отандық фильмнің әлемдік премьерасы сәтті өтті. Иранның тегеран қаласында ұйымдастырылған 35-ші халықаралық Фаджр кинофестивалінде үздік Азиаттық фильм деп танылды. «Шығыс панорама» секциясында жалпы 12 елдің 15 толықметражды картиналары ұсынылған. 

«Әрине бұл бірінші алып отырған жүлде емес. Осыдан бір жыл бұрын бұл жүлдені «Жаңғақ тал» алды. Иран фестивалі Иран өнері дүниедегі ең мықты өнер болып табылады. Сол фестиваль қазақ киносын үзбей шақырып отырады. Соған тағы қатысып келдік. Жүлделі болып келдік»-деді Фильм режиссёрі, Сәбит ҚҰРМАНБЕКОВ. 

Халықаралық Фаджр фестивалі Азия киносы ішінде басты шаралардың бірі.  Фестиваль алғаш рет 1982 жылы өткен. Содан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Оралман фильмі жалпы ұлттық прокатқа күзде шығады деп күтілуде.

Перизат Көмекбайқызы, Әсет құндақбаев, «Алматы» телеарнасы




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир