|
17.02.2017 | 12:44
1375

Осы жылдан бастап Астана - Теміртау және Алматы - Қапшағай жолдары ақылы болады

2017 жылы Астана - Теміртау және Алматы - Қапшағай жолдары ақылы болып, оның қаржысы бюджетке түседі. Алматы - Қорғас тас жолынан алынатын ақы Әлем банкінің қарызын өтеуге жұмсалады. Бұл жөнінде еліміздің инвестициялар мен даму вице-министрі мәлімдеді. Ақылы жол жүйесі қараша айынан бастап тесттік режимде іске қосылмақ. 2013 жылдан бері тек Астана - Щучинск жолы ғана ақылы болып келді. Онда жеңіл көлік үшін шақырымына 1 теңге құн белгіленген. Өзге ақылы жолдарда бұл баға сақталып қалмақ», - деді Роман Скляр. Ол 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың 6 000 шақырым бөлігі ақылы болатынын еске салды. Осы арқылы жылына 30 миллиард теңге жиналады деп көзделуде. "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде биыл 4,4 мың шақырым жолға жөндеу жүргізіліп, жұмысқа 100 мың адам тартылады деп жоспарланып отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир