|
22.05.2017 | 14:57
2296

Отандық медицина саласындағы білімді дамыту мәселесі конференцияда талқыланды

Отандық медицина саласындағы білімді дамыту мәселесі халықаралық практикалық конференцияда талқыланды. «Университет күні» аясында сарапшылар дәстүрлі түрде Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде жиналды.

Халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференция Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде осымен 7-ші рет өткізіліп отыр. Мұнда ғалымдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау, медицина және ғылым туралы маңызды мәселелерді талқылады. Осыған қарай  университетте алдыңғы қатарлы әдістер мен технологиялар енгізілмек. Қазір мұнда 6 факультет еліміздегі қажетті медицина мамандарын дайындап жатыр. 

«Конференцияның биылғы жылғы тақырыбы медициналық жоғарғы оқу орындарыың шетелдік мектеппен стратегиялық қарым-қатынас орнатуына арналады. Бұл бағыт бізге халықаралық байланыс орнатуға көмектеседі. Осылай тәжірибемізге әлемдегі үздік медицина мектептерінің әдістерін енгізетін боламыз»,- деді С.Ж.Асфендияров атындағы қазұму ректорының міндетін атқарушы, Мақсұт КАМАЛИЕВ.

Ойсыраған олқылықтың орнын ұстаздар аз уақыттың ішінде шетелдік сарапшылардың көмегімен толтыруды көздеп отыр. Енді медицинадағы білімді арттыруға шетелдік сарапшылар да қатыстырылмақ. Мұндай жолды өз кезегінде Қытай мен Сингапур және Оңтүстік Корея секілді дамыған елдер де өткеріпті. Былтыр 6 отандық медициналық университет Европа мен Американың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. 

«Жалпы медициналық білім беретін саласын дамыту және осы саладағы стратегиялық серіктестік. Оның себебі қазіргі күнде біздің алдымызда өте маңызды мақсат. Ол осы еліміздегі медициналық әріптестеріміздің, дәрігерлер, мейірбикелердің білімін және тәжірбиесін халықаралық деңгейге көтеруіміз керек. Өткен жылы біздің 6 медициналық білім беру ұйымдары университтеттер халықаралық деңгейдегі белгілі университттермен осындай бағдарламаларды бастады»,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі, Елжан БІРТАНОВ. 

Биыл еліміздегі дәрігерлерді дайындайтын университетке 87 жыл толып отыр. Айта кетейік, бүгінде ұлттық медициналық оқу орны әлемнің 27 елінің 116 университетімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Соның арқасында студенттер мен оқытушылар арасында академиялық алмасу тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 7-ші Халықаралық конференция аясында дөңгелек үстел, шетелдік ғалымдардың қатысуымен жас мамандарға шеберлік-сынып өтеді.

Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир