|
07.03.2017 | 10:34
1090

Парламент Қазақстан Конституциясындағы түзетулерді мақұлдады

Парламент Қазақстан Конституциясындағы түзетулерді мақұлдады. Осылайша ата заңымыздың 19 бабына 26 түзету енгізіледі.  Тың өзгерістерге сәйкес енді Парламенттің күші еселенеді. Қос палата заң шығарушы билігі бар ең жоғары өкілді орган. Министрлерді орнынан тайдырып, сайлау да осы депутаттардың қолында. Ал, Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрін және Ішкі істер министрін Елбасының өзі таңдайды. Президент  жетекші рөлде қала береді. Ел өміріндегі ең маңызды саяси шешімдерді  қабылдау мемлекет  басшысына жүктелген. Айта кетейік, қолданыстағы Конститутция 22 жыл бұрын қабылданған болатын.

«6 мыңнан астам нақты ұсыныстар түсті. Олардың көбі қайталанады. Өйткені біздің мемлекеттің құндылықтарын, еліміздің құндылықтан ешқашан өзгертпеу керек деген ұсынысты барлығы айтты», - деді  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан ӘБДІРОВ.    

Нұрсұлтан Назарбаев  түзетулер туралы заңды Коститутциялық кеңеске жіберді. Редакцияланған жаңа нұсқада Астана атауын Назарбаев атауына өзгерту  туралы шешім жазылмаған. Яғни, елордамыз бұрынғы атаумен қала береді. Өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында бір топ халық қалаулысы қала атын өзгерту туралы идеяны тағы көтерген еді. Ең болмаса, Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаев атын беру керек деген ұсыныс ортаға  тасталды. Алайда, белсенділердің бұл бастамасын Президент қолдамады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир