|
06.03.2017 | 09:40
3058

Президенттің бірқатар өкілеттігі парламент пен үкіметке берілді

Президенттің бірқатар өкілеттігі парламентке, одан қала берді үкіметке берілді. Алайда бұл өзгерістерді билік жүйесін өзгерту ретінде қабылдамау қажет. Қазақстанда - Президенттік басқару жүйесі қала береді. Ұлттық  қауіпсіздік, сыртқы саясат Елбасының мойнына жүктелген міндеттер. Парламенттің біріккен отырысы өтті. Қос палата депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістерді бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Кімге қандай күш берілді? Тақырыпты тілші тарқатады. 

Енді жаңа өзгерістерге сәйкес,  Президент құзырындағы министрлер кабинетін жасақтау және олардың жұмыстарын қадағалау жұмыстары Парламентке беріледі. Үкіметтің де, Парламенттің де жауапкершілігі арта түседі. Үкімет Елбсының алдында  қалай есеп берсе, дәл осылай қос палата депутаттарының алдында емтихан тапсырады. 

«Менің Жарлығыммен әзірленген конституциялық реформалар жобасы бір ай бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды. Әр адам ұсыныс беру құқығына ие болды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана қоймай, оның сапалы болғанын көріп отырдық»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. 

Тірлігі ұнамаған министрді де бір мезетте орнынан алып тастау құзіреті депутаттардың мойнында. Жылы креслода  отырған халық қалаулыларының қаһарына ұшыраған  министрге қарсы  дауыс жиналады.   Бір айта кетерлігі Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрін Елбасының өзі таңдайды. Бұл санатқа көптеген депутатар Ішкі істер министрін сайлауды да  қосу керек дегенді айтуда.

«Конституциялық реформа - қазақстандықтардың мүддесін қорғайды. 25 жылдың ішінде әлемді мойындаттық, өзге елдермен тереземіз тең,керегеміз кең. Парламент деупаттары өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Жаһан жұртшылығы Қазақстанды бейбітшілікті ту еткен ел ретінде таниды»,- деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Мәулен ӘШІМБАЕВ. 

Конститутция баптарына қатысты қалың қарашадан бас-аяғы 6 мың ұсыныс келіп  түскен.. Талай рет талқыға салынған 26 бап туралы  Елбасы  бұл бап өзгеріссіз қалатындығын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев ендігі кезекте бұл реформалардың нәтижелі жалғасы Парламентке жүктеліп отырғанын атап өтті. Яғни, халық қалаулылары жұмыс тобы ұсынатын заң жобаларын жіті тексеріп, билік тармақтарының тең бөлінуін қамтамасыз етуі шарт.

«Қазір жаһандану жаңғырығы есігіңізді іштен құлыптап алғанды көтермейді. Көш соңында қалдырып кетеді. Бүгінгі өзгерістер - өмірдің талабы. Елбасы мәлімдемесінің маңызы зор. Оның ұсынысы- бұқара ұстанымымен ұқсас»,- деді ҚР Парламенті мәжілісінің төраға орынбасары, Владимир БОЖКО. 

Сонымен еліміздің ата заңына 24, ал қазіргі ағымдағы заңдарға 35 түзету енгізілмекші. Ел өміріндегі ең маңызды құжатқа енетін тың өзгерістерді ел-жүрт бір ай талқылады. Қалыс қалған адам аз. Қорытынды  сараптамалық түзеулер сейсенбі күні енгізіледі

Әнуарбек Жәлел, Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир