|
28.04.2017 | 10:15
1339

Ресейде Орталық Азия елдерінен шыққан күдікті экстремисттер ұсталды

Ресейде Орталық Азия елдерінен шыққан күдікті экстремисттер ұсталды. Калининград қаласындағы операция кезінде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі 12 адамның «Ислам жиһады - Жамаат Муджаһедин» тобымен байланысы барын анықтаған. Арнайы қызмет ұсталғандардың  Орталық Азия елдерінен шыққанын айтады және содырлар қатарына адам тартумен айналысқан деп күдіктенеді. Дерек көздеріне сүйенсек, топ жетекшісі Өзбекстанда экстремистік қылмыстары үшін іздеуде жүр. Арнайы операция екі мекен-жай бойынша жүргізілген. Күдік тудырмас үшін содырлар құрылысшымыз, үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп сендірген. Калининградта олар 4 жылдай уақыт тұрған. Қазір аталған іс тексеріліп жатыр. Ресей осы айда Орталық Азия елдерінен шыққандарды осымен үшінші рет  террористік әрекет жасады деп айыптап отыр. Естеріңізге сала кетейік, арнайы қызмет бұған дейін Сахалин қаласында ауқымды теракт жасауды жоспарлаған және «Ислам мемлекеті»  экстремистік ұйымына мүше күдікті екі адамды ұстаған. Ресми мәлімет бойынша, олардың біреуі – Ресейдің, тағы бірі - Орталық Азия елінің бірінен шыққан.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир