|
06.02.2017 | 10:32
1549

Ресейден келген медицина өкілдері отандық дәрігерлердің кәсібилігіне жоғары баға берді

Ресейден келген медицина өкілдері отандық дәрігерлердің кәсібилігіне жоғары баға берді. Келесі Универсиада ойындарын өткізу Ресейдің Краснояр қаласына бұйырған болатын. Шетелдік делегаттар қалалық № 4 клиникалық аурухананың жұмысымен танысты. 

«Мың рет естігенше - бір рет көр». Қалалық №4 клиникалық ауруханасында Ресей елінің Краснояр өлкесінен келген бір топ өкіл, студенттер ойындарында спортшыларға алғашқы шұғыл көмек қалай көрсетілетініне куә болды. Кішігірім пікір алмасқан соң, отандық дәрігерлердің жұмыс барысы жекелей түсіндірілді. Ресейлік медицина өкілдері біздің денсаулық сақтау саламыздан үлгі аларлық қырлардың  көп екендігін жасырмады.

«Аз дегенде, 4-5 бағыт бойынша өзімізге үлгі алдық. Атап айтсам, пациентпен жекелей жұмыс жасау және аудио жазу арқылы келіп түскен науқастың жағдайын электронды базаға енгізу сияқты бағдарламалар бізді қызықтырды. Өзіміздің медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін бұл бағыттарды қолданып, саламызға енгіземіз деген ойдамын»,- деді Краснояр аймағы клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Алексей ГРИЦИН. 

Сонымен қатар, алғашқы көмек көрсетуді тез арада ұйымдастырып, жарақат алған науқасты бірнеше минуттардың ішінде тікұшақпен ауруханаға жеткізу, шетелдік өкілдерді бей-жай қалдырмады. Жұдырықтай жұмылған дәрігерлердің жұмысына жоғары баға берді.

«Бұл жерде топтық жұмыстың жақсы ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Универсиада қарсаңында және қазір еңбек етіп жатқан дәрігерлерге «Жарайсыздар!» дегім келеді»,- деді Краснояр аймағы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, Елена НЕПОМНЯЩАЯ.

«Авиценна» бағдарламасы медицина саласының жаңалығы саналады. Аталмыш қызмет дамыған елдердің медицинасында қолданылып жүр. Бағдарлама жарақат алып келген науқастың шағымдарын аудио жазу арқылы базаға енгізу мүмкіндігін береді.   

«Олар жасалып жатқан біздің ауруханадағы жұмыстарға өте үлкен баға берді. Өйткені, қабылдау бөлімінде травматологиялық көмек көрсету жөнінде алдыңғы қатарлы технологиялардың енгізілуі осы шаралар оларды қызықтырды»,- деді С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, Абылай БАЙМАХАНОВ.

Шетелдік делегеттарға медицина саласындағы ашықтық, ақпараттың қолжетімділігін оңтайлы қарастырылғаны ұнаған сияқты. Өйткені, пациенттің жақындары науқастың жағдайын, оны қараған дәрігер туралы ақпаратты интерактивті тақта арқылы біле алады.

Назкен Байтілес, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир