|
26.12.2016 | 10:30
1695

Ресейдің Иркутск қаласында косметикалық дәріден уланғандар қаза тапты

Косметикалық дәріден уланғандар жаппай қаза тапты. Ресейдің Иркутск қаласында косметикалық препарат пайдаланғандардың 74-і қаза тауып, 122-сі зардап шеккен. 9 адамның беті бері қараған соң емханадан шығарылыпты. Иркутск қаласындағы жаппай улану өткен демалыс күні болған. Доланадан жасалған дәрінің сыртында этил спитрі бар делінген. Алайда, медициналық тексеріс нәтижесі косметикалық дәрінің құрамында метанол бар екенін дәлелдеген. Орын алған оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Косметикалық долананы сатуға рұқсаты бар дүкендердің барлығы тексерілді. Жергілікті полиция сауда туралы заңға қайшы келетін 6500 литр алкогольды өнімді тәркіледі. Заң бұзды деген айыппен 12 жеке кәсіпкер тұтқындалған. Бұған дейін Иркутск облысында аталған дәріден уланғандар тіркелмепті. Алдын ала болжам бойынша өндірушілер этил спиртінің орнына метил спитрін қолданған.

«Косметикалық дәріден уланған 33 адамның ағзасы толық тексерілді. Олардың барлығынан Метил спитрі анықталды. Осыған қарағанда адамдардың уланып, өлуіне метил спитрі себепкер болған»,- деді Иркутск облысы денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Галина СИНЬКОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир