|
11.01.2017 | 10:02
1786

Сағынтаев: Тіркеу туралы заң дер кезінде түсіндірілмеді

Тіркеу туралы заң дер кезінде түсіндірілмеген. Үкімет басшысы Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың тірлігінің шала екендігіне налыды. Сейсенбілік министрлер кабинеті жиынында басты талқыға түскен мәселе - азаматтарды уақытша тіркеу дауы болды. Жұртты кеш хабардар еттің деп Бақытжан Сағынтев бір емес, бірнеше мәрте Ішкі істер министріне ескерту жасады. 22 желтоқсанда қабылданған заңды түсіндіру кеш басталған. Осылайша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды.


Үкімет отырысы Шахан мен Шымкентте қаза тапқан отбасыларға көңіл айтумен басталды. Күн суыта салысымен қуықтай баспаналарын түрлі амалдармен жылытумен әлек болған бұл екі аймақта да мерт болғандар бар. Шахан кентінде 9 адам жан тапсырса, Шымкенте 1 адам көз жұмған. Төрт адам зардап шеккен. Жылу маусымына тек қағаз жүзінде ғана дайын болып шыққан атқамінерлер Үкімет басшысының алдында жауап берді. Барлық нысандар қайтадан тексерістен өтуі тиіс.


«Бізде барлығы қағаз жүзінде дайын болады. Жергілікті әкімдіктер жауап беретін мәселелер сол күйінде қалып қойған. Жылу маусымы басталар сәтте, қажет заттарды орталықтан сұрамайсыздар. Қағазға түсіріп жазбайсыздар. Салдарынан осынлдай апттар орын алады. Адамдар түрлі әдістермен үйлерін жылытуда, қазандықтар қояды, түрлі пештер орнатады», - деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.


Уақытша тіркеу туралы заңға қатысты түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілмеген. Құжатты орындау тетіктері де ойластырылмаған. Осылай деген Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министрлігінің жұмысын қатаң сынға алды. Премьер-министр заң өткен айдың 22-де күшіне енгеніне қарамастан, электронды түрде тіркелу жүйесі әлі дайын еместігін айтты. Салдарынан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүрбелең. Халық ертелі кеш бар жұмысын ысырып, ұзын-сонар кезекте тұр. Ал, көші қон полициясы жұмыс уақытын 3 сағатқа ұзартып, әдеттегідей 8 емес 11 сағат бойы еңбек етуге мәжбүр.


Ел премьері «Азаматтарға арналған Үкімет» жобасын да сынға алды. Онлайн режимде тіркелуге мүмкіндік бермесе, бұл Үкіметті не үшін құрдық деп мемлекеттік корпорацияның төрағасы Данияр Ереншіновті сұрақтың астына алды. Жауаптылар ғаламтор арқылы үйде отырып-ақ бітіретін бұл жұмысты бір айдың ішінде қолжетімді етеміз деп уәделерін берді. Бұлай болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында халық нөпірі қайта артпаса, сейілмейді. Бақытжан Сағынтаев шенділерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Айта кетейік, орталықтар жұмыс істейтін терезе санын арттырған. Сондай-ақ қызмет көрсететін жексенбі күні де жұмыс істей береді. Себебі тіркеуге қатысты жаңа заңның күшіне енуімен құжаттарын реттегісі келетін тұрғындар қатары көбейген.


Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир