|
04.08.2017 | 15:59
6090

Салтанат Нұртай: Қазақстандықтардың сүйікті телехикаяларындағы кейіпкерлер

Алдыңғы жазған шолуымда «Қазақстандықтардың сүйікті телехикаялары» туралы жазған болатынмын, осы жолы сіздерге арнап сүйікті телехикаяларыңыздағы  кейіпкерлеріңіздің шынайы өмірлері жайында ұсынбақпын.


1. Кадир Догулу мен Неслихан Атагюль

Аты-жөні: Кадир Догулу – толық есімі Абдулкадир Догулу

Туған жылы: 19.04.1982 ж

Туған жері: Түркия, Мерсин

Бұл да қарапайым отбасынан шыққан. Ата-анасына көмектесу үшін бала кезінен жұмыс істеген. Оның арманы бармен болу болған. Өзінің сымбатты келбетінің арқасында бір кісі қызығушылық танытып, оны модель болуын ұсынады. Модель болып жүріп, телехикаяларға түсе бастайды.


Аты-жөні: Неслихан Атагюль

Туған жылы: 22.08.1992 ж

Туған жері: Ыстамбұл

Қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі – автокөлік жүргізушісі. Анасы –еш жерде жұмыс істемеген, үйдің шаруасымен айналысады. Неслиханның арманы кішкентай кезінен киноға түсу болған. Ол ең алғаш жарнамаға түседі. Кейін, ол Ыстамбұлдағы Yeditepe университетіндегі театр бөлімінде  оқып, жақсы аяқтайды. Қазір не бары жасы 24-те соған қарамастан, Түркияның атақты кино жұлдыздарының бірі. Өз маманының шебері. Өте алғыр, пысық.

 

Жеке өмірлері: Бұл жұптар екеуі «Ыстамбұлда екі адам» телехикаясының түсірілім барысында ғашықтардың рөлін сомдайды, содан екеуі қазіргі кезде шаңырақ көтерді. Бұл отбасы әлі де фильмдерде ойнауларын тоқтатқан емес, әрі уақыттары бола қалса бірге шет ел асып, көңіл көтергенді ұнатады.


2. Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен 


Аты-жөні: Бурак Озчивит

Туған жылы: 24.12.1984 ж

Туған жері: Түркия, Мерсин 

Ауқатты отбасынан шыққан. Әкесі өз кәсібімен айналысқан. Анасы үй шаруасымен қатар, балаларының тәрбиесін қатар алып жүрген. Бала кезінде Бурак теледидардың алдында отырып мультфильмдерді қарағанды жақсы көрген. Есейгенде, футбол ойнап, спорт алаңдарында достарымен бірге уақытын өткізген. Орта мектепті аяқтаған соң, Ыстамбулдағы Мармара университетіндегі фотограф, өнер, кино факультетінде оқыған. Сонымен қатар, «Түркиядағы ең үздік модель» байқауының жеңімпазы атанған. Осы байқаудан кейін, оған киноға түсуге ұсыныстар жасалған.Ол қазір көптеген телесериалдарда басты кейіпкерлерді сомдап жүр.


Аты-жөні: Фахрие Эвджен

Туған жылы: 04.07.1986 ж

Туған жері: Золинген, Германия

Орта мектепті тәмәмдағаннан кейін, Дююссельдорф университетіндегі социология маманының курсын оқиды. Ол көбінесе психология, социология, философия кітаптарын сүйіп оқыған. Белігілі себептермен анасы екеуі Ыстамбулға келіп ойламаған жерден кастингке қатысып, киностудиядағылардың көңілдерінен шығады. Ол осыдан бастап көптеген киноларға түсіп, Түркияда атақты кино жұлдыздардың бірі атанады.


Жеке өмірлері:   Фахрие Эвджен мен Бурак Озчивит екеуі  «Королёк - птичка певчая» телехикаясында ғашықтардың рөлін ойнап, қазір көп адамдардың қызыға да, қызғана да айтып жүрген жұптардың біріне айналды. Олар осы жақында ғана отбасын құрды.


3. Юсуф Чим мен Демет Оздемир


Аты-жөні: Юсуф Чим

Туған жылы: 26.09.1991 ж

Туған жері: Түркия, Ыстамбұл

Әкесі дәріханада жұмыс істеген. Бір інісі мен қарындасы бар. Ол бала кезінде футболды көп ойнайтын, бірақ бірде қатты жарақат алып,  спорттан алыстаған. Университетте радио және кино мамандығын оқиды. Жарнамаға түсу үшін кастингке қатысып, осыдан бастап Юсуф модель болады. Бұл да «Түркиядағы ең үздік модель» байқауына қатысып, бірінші орынды еншілеген. Өзі әннің сөзін жазып, бірнеше клиптер  түсіреді. Талантты модель, әрі әнші телеарналарда бағдарлама жүргізушісі болуға ұсынылады. Киноларға түсіп, атақты, елге танымал актер атанады.


Аты-жөні: Демет Оздемир

Туған жылы: 26.02.1996 ж

Туған жері: Түркия, Қожаэли

Ол жастайынан әртістік өнерді емес, бишілік өнерін қолға алған. Қазір де биші, әрі әншілікті қатар алып жүр. Демет орта мектепті бітірген соң  " Шаxика Текандтың" атындағы театрда оқиды. Жастайынан жарнамаға түскен.  2009 жылы Мұстафа Сандалдың  "Ates Et Ve Unit" атты клипінде өнер көрсетеді. Осыдан кейін, ол көптеген телесериалдарда басты рөлді сомдап , атақты актрисалардың біріне айналды.


Жеке өмірлері: Демет Оздемир мен Юсуф Чим нағыз жастарға арналған «Құлпынай жұпары» телесериалында ғашықтардың рөлін ойнап, махаббаттары шынайы өмірде жалғасын тауып, екеуі керемет жұптардың бірі болуда. Бірақ әлі шаңырақ көтере қойған жоқ, десе де құдаласып қойған. Жуырда, отбасын құру жоспарларында бар.

Мен сүйікті телехикаяларыңыздағы өздеріңіз ұнататын кейіпкерлердің өмір баяндарын толықтай қамтып жаздым деп ойлаймын. Егер де, толықтырып қосатындарыңыз болса , астына пікірлеріңізді жазып қалдырыңыздар. Жақында, жалғасы болады. Күтіңіздер. Ал, жоғарыда аталған жұптарға  бақыт, ырыс, береке тілеймін!    



Мәтін: Нұртай Салтанат



Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.









Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир