Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Салтанат Нұртай: Алматы қаласындағы демалыс орындар

Жаз мезгілі әп-сәтте 3 айда өтеді де шығады. Сондықтан, бұл маусымда суға түсіп, күннің сәулесіне денеңізді қыздырып рахатын көріңіз. Тіршіліктің қамымен жүре берсеңіз күнде салқындап ешқайда бармаптым ғой деп бармағыңызды тістеп қалмаңыз. Десе де, қазіргі заманда көбісі еңбек демалыстарын ала сала шекара асып шетелге демалғанды жөн көреді.  Бірақта, өзіміздің отанымызда да баратын орындар бар. Солардың бірі, Алматы қаласында да суға шомылуға арналған бассейндер мен аквабақтар жетерлік. Сіздерге қажет болар деген оймен демалыс орындарының тізімін ұсынбақпын.

1. Әлемнің сегізінші кереметі



М.Горький атындағы Орталық саябақта орналасқан. Сегіз бассейн мен сегіз түрлі су сырғанағынан тұратын бұл аквабақ Алматы қаласындағы ең көне орындардың бірі. Ересектерге және балаларға арналаған бассейндер бар. 4 дәмхана, кішкентай келушілерге барлық жағынан жағдай жасалған, көлік тұрағы, заттарды қоюға арналған камераға дейін бар.  Бұл жер жаздың ыстық кезінде нағыз отбасыңызбен келіп демалысыңызды керемет өткізуге таптырмайтын орын.  

Жұмыс уақыты: Дс 12:00-21:00, басқа күндері 11:00 - 21:00.

Билет бағасы:

Жұмыс күндері - ересектерге – 5000 теңге, балаларға – 3500 теңге.

Демалыс күндері - ересектерге – 5500 теңге, балаларға – 4000 теңге.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Бәрібаев пен Гоголь көшесінің қиылысы №1.


2. "Family Park" аквабағы




Алысқа ұзамай-ақ, уақытыңызды жол жүрумен өткізбеймін деп қаланың қақ ортасынан демалыс орнын іздесеңіз "Family Park" аквабағына барыңыз. Көлемі жағынан шағын, бағасы да арзан. Алаңда 5 дәмхана, 32 аттракцион, дүкендер бар. Егер достарыңызбен немесе туыстарыңызбен барсаңыз (20 адам) жеңілдіктер қарастырылған. Кешкі 19:00-ден кейін аквапаркке 50 пайыз жеңілдікпен кіре аласыз. Бірақ, тамақ пен сусын алып кіруге тыйым салынған.

Билет бағасы:

Жұмыс күндері - ересектерге – 3600 теңге, балаларға – 3000 теңге.

Демалыс күндері - ересектерге – 4800 теңге, балаларға – 4200 теңге.

Мекен жайы: Алматы қаласы, 4 ықшам аудан, Алтынсарин даңғылы, Абай көшесі


3. “Дельфин” аквабағы


“Дельфин” спорттық көңіл көтеру орталығы ересектерге де, балаларға да суға шомылу үшін таптырмайтын орын. “Дельфин” аквабағында суға жүзуді үйрететін мамандар мен арнайы бассейндер қарастырылған. Дәмханадан тамақтанбасаңыз, сырттан тамақ әкелуге тыйым салынған. Жаттығу залы, батут орталығы, массаж қызметі бар. Тіпті, жаз бойы жүкті әйелдер мен туған күнін жасаған иелеріне де кіру тегін және достарына 10 пайыз жеңілдік бар.

Жұмыс уақыты:

Жұмыс күндері мен демалыс күндері: 9.00 – 21.00

Билет бағасы:

Жұмыс күндері: ересектерге – 3500 теңге, балаларға – 2500 теңге.

Демалыс күндері: ересектерге – 4000 теңге, балаларға – 3000 теңге.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Тимирязева көшесі, Атакент орталық-көрме павильоны №6  

Телефон: +7 727 274 84 84

+7 727 274 67 97

+7 747 263 56 60


4. "Дос" ойын-сауық кешені


«Дос» ойын-сауық кешініне Алматы мен Талдықорған тас жолымен 24 шақырым , қаладан 10 минутта жетуге болады. 5 бассейн балаларға (50 см), ал отбасымен (100-150 см), 2 ересектерге (160/170 см), бір  су әткеншегімен және аттракциондар, фин саунасы, ойын алаңдары бар (үстел теннисі, жағажай валейболы) барлығы қарастырылған. Егерде түнде қаламын десеңіз 2 орынды 12 бөлмелі қонақүйлер жетерлік.

Тамақтанғыңыз келсе ас мәзірінің кез келген түрі табылады. Сонымен қатар, фаст фуд, кәуәптың 12 түрі, сусындар да бар.

Жұмыс уақыты:

Барлық күндері - 10.00-22.00

Билет бағасы:

Жүкті әйелдерге, мүгедектерге, ардагерлерге, туған күн иелеріне, сонымен қатар, 3- жасқа дейінгі балаларға кіру тегін, 13 жасқа дейінгілерге 1000. Ал, ересектерге 2500 теңгеден басталады

Мекен жайы: Алматы облысы, Солтүстік айыалым тас жолы (15 шақырым)

Телефон: 8 705 20 55555, +7 701 411 7948


5. "Мереке" аквабағы


Қалтаңыздағы қаржыны үнемдегіңіз келіп, әрі демалыстың рахатын көргіңіз келсе сізге "Мереке" аквабағына баруға кеңес беремін. Өзі арзан, суы да мөлдірдей таза, аумағы ең үлкен (2,5 гектар).  2000 адамға дейін сияды. 9 бассейн, 5 су әткеншегі, тегін қолшатырлар, кереуеттер және катамарандар мен скаладромдар бар. Балаларыңызбен келсеңіздер өкінбейсіздер, мұнда оларға арналған көптеген ойын алаңдарының түрлері көп (Балалар алаңы, темір жолдар, үрме шарлар). Мұнда тағы да айта кетсем, жаздық лагерьлерде бар. (8 жасқа дейін)

Жұмыс уақыты: барлық күндері - 10.00-21.00

Билет бағасы: 5 жасқа дейін тегін

Балаларға – 1000 теңге  (1 сағ)

Ересектерге – 1500 теңге (1сағ)

Мекен жайы: Алматы қаласы, Іле ауданы, Байсерке ауылы

Міне, біздің шаһарымыздан ешқайда бармай-ақ демалуға болады екен. Әрі жақын, әрі қолжетімді. Демалыстарыңыз жарқын өтсін достар.


 

Мәтін: Нұртай Салтанат


Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.