|
13.07.2017 | 16:05
2544

Салтанат Нұртай: Димаш іспеттес талантты Қазақстандықтар (жалғасы)

Осыдан жарты жыл бұрын аспан асты елінде өткен «Мен әншімін» байқауына қатысып, Қазақстанның атын бүкіл елге танытқан Димаш Құдайберген болатын.

Ал, елімізде де Димаштан қалыспайтын оқушы, студент, құрылысшы, әскерлерде, көлік жүргізушілері де тағысын тағы ән орындайтын талантты адамдар бар. Олар жанды дауыста ән орындап, әлеуметтік желілерде тыңдармандарының көзайымына айналған. Олардың арасынан ең халықтың көңілінен шыққан бесеуін алдыңғы шолуымда жазып, жалғасы болады дегенмін, енді сол уәдемді орындайын деп тағы да сіздерге 5 ән орындаушыларды ұсынып отырмын. Фейсбуктан мына баланың ән айтқанын тыңдап таңқалдым. Керемет айтты. Талантты бала  сіздерде өздеріңіздің әлеуметтік желідегі хроникаларыңызға репост жасап жіберіп осы баланың туған жері, аты-жөні кім екенін білуге қол ұштарыңызды берсеңіздер.  


Айнұр Әмірәлі  - Қазақтың қарапайым сұлу, қара көз қызымыз бұлбұл құстай сайраған дауысымен, өзінің қылығымен халықты баурап алғандай. Бұның әр видеосының оқырмандары 300 мыңға жуық. Тіпті кейбір әндерінің сөзінде өзі жазады. Аспаптың кез-келгенінде ойнайды.



Тағы бір Қазақстан жұлдызы өсіп келеді. Жасөспірімнің дауысы Димаш пен Витастан қалысар емес. Балаға бар – жоғы қолдау білідіріп жіберу керек сияқты, болашақта еліміздің атын елге танытады деп үміттенемін.




Жамбыл Шерғазин -  Жалындап тұрған жас өнерлі жігіт. Әлеуметтік желінің жұлдызы десем де болады. Инстаграм  желісінде -  оқырмандары бар. Көбінесе бұрымдыларға арналған «Официант қыз», «Гүлім» тағысын тағы әндерді орындайды.




Ал, енді мына дарынды, таланты жігіт әзірше таныс емес дауысы ереше екен. Көшеде ән салып отырып бірнеше халықтың көзайымына айналған сыңайлы, төменгі жағында жақсы пікірлер жазылған. Видеосын көрген көрермендердің саны – 2 миллионнан асады.

 


 


Әлеуметтік желілермен ғана шектелмей, әлі де талпынса, алдағы уақытта еліміздің мақтаныштары боларына кәмілсенемін. Талаптарыңа нұр жаусын деп тілеймін Қазақстандық таланттылар.





Мәтін: Нұртай Салтанат 


Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.



Осы тақырыпта жазылған өзге материалды оқыңыздар







 





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир