|
15.05.2017 | 16:08
5221

Салтанат Нұртай: Қазақша вайнерлерге шолу

Маған қазақ тілінде (қазақша) вайнер мен блогерлерді тауып шолу жаз деп бастығым тапсырма берген еді. Мен бұл тапсырмамды ұзаққа созып жүріп қалдым, өйткені қазіргі заманда, әлде заман солай ма, адамдар орыстанып кетті ме? Әйтеуір, барлық вайнер мен блогерлер орыс тілінде. Мен біраз іздестіріп 5 вайнер таптым, бұларды табу өте қиынға соқты. Енді өз білгенімше бұл әзілшілерге пікірімді жаздым. Сонымен қатар, біз бұл вайнерлер мен ғана тоқтамаймыз тағы да сіздерге пайдалы, әзіл, юмор т.б болашақта шығарамыз деген жоспарда бар. Тағы да айта кетейін, вайнер мен блогердің айырмашылығы менің түсінігім бойынша БЛОГЕР – жалғыз адам видеоға өзін түсіріп, халыққа пайдалы кеңестерімен бөлісіп отырады.  ВАЙНЕР – бірнеше адам болып әзіл, қалжың,приколдарды түсіреді. Ал, менің ойымнан түйгенім осы, сіздер бұлардың айырмашылықтарын қалай түсінесіздер?


Қазақстандағы қазақ тілді қазақша вайнерлердің бірі ХАХА шоу. Кейіпкерлері: Заңғар Зекенов пен Ақсұлтан Қалиев және Нұрайым Жанат, Ерқасым Сахиевтер. Жазылушылары 654000. Бұл вайнерге екі жыл болыпты. Бұл Хаха шоу-да көбінесе ер балалар қыздың рөлін сомдайды. Бойжеткендердің күнделікті университетте немесе мектепте құрбыларының арасында болып жатқан оқиғаларды түсірген. Арасында отбасылық жағдайларды да көрсетеді. Әрине, менің ойым ер балаларға қыздың рөлін ойнау ол қазақтың қайсар жігіттеріне деген жараспайтын қылық деп ойлаймын, бірақ бұлда өнер деп түсінемін, өйткені қыздың рөлін сомдау кез-келген ерлердің қолдарынан келе бермейді, хаха шоудың жігіттерінің бұл өнерлеріне тәнті болдым. 



Нағима Ахметова. Қазақша және орысша тілде видеоблогер. Nagimuwaa инстаграмда 207000 жазылушылары бар. Нағиманың блогынан көз алмай кете алмайсың, өйткені қыздардың өмірлеріне қажетті пайдалы кеңестерімен бөліседі және де сұлушаш деген атпен бойжеткендерге қалай мейкап және шаш үлгісін жасау керек екенінде айтып отырады. Қыз қылығымен қылықты дейді ғой, міне сол қасиет Нағимада бар. Өзі сүйкімді, видеоларын қарап отырсаң, адамды өзіне баурап алады. Тағы да айта кететін жайт 911 деп құтқарушы қызметкерін атқарып, әзіл-қалжың араластыра отырып жазылушыларына ерекше көңіл күй сыйлайды. Нагимуша жайында тағы да айта кететін болсам, қазір блогерлердің ішіндегі танымалы десе де болады, журналистер де қызығушылық танытып, кезе-кезек келіп сұхбат алып жүр. Және де Нағиманың бірнеше басқада арналардың бағдарламаларына түскен видеолары бар. 




Kartop.tv вайнеріне келер болсақ, 648 000 жазылушылары бар. Көптеген өмірде отбасылық жағдайда болып жатқан оқиғаларды халыққа жеткізеді. Әзілдерінің берер пайдасы да көп. Бұл вайнердің кейіпкерлері Ана мен баланың, әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты әзіл ретінде көрерменге жеткізеді. 




ainavine.tv вайнері. Жазылушыларының саны 17600. Бұл вайнершілердің әрбір әзілдерінің астарында бір мағына жатыр. Саясат қызметкері, отанасы, отағасы, бастық, бастықтың қол астында жұмыс істейтін қызметкерлердің рөлін ойнап, халыққа бір ой айтқысы келгендей. Сонымен қатар, жұлдыздардың да қатысуымен әзіл-қалжыңдары бар. Инстаграмда әрбір видеоларының көрермендері өте көп және пікірлері де жаман емес. 




orystar_show Жазылушылары 50400. Орыстар шоудың жігіттеріне риза болдым. Өздері орыс жігіттері болса да әзілдерін қазақша-орысша араластыра әсіресе қазақ тілінде приколдары көппе деп қалдым. Тіпті өзіміздің қазақтың қара көз қыздары мен қара домалақ балаларының да вайнер, блогерлері орыс тілінде. Орыстар шоудың әзілдері маған қатты ұнады. КАЗнеттен парақшаңды ашып отырсаң осы вайнер лентада тұрса міндетті түрде қалжыңдарын қарамай кете алмайсын. Керемет. Жарайсыңдар жігіттер! 



Текст: Салтанат Нұртай





*Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир