|
01.03.2017 | 11:19
4037

«Сауат ашу» кітабы оқу бағдарламасынан алынып тасталатын болды

Білім саласында тағы да реформа. Әліппенің орнын басады деп шығарылған «Сауат ашу» кітабы ақыры оқу бағдарламасынан алынып тасталатын болды. Бүгін Үкімет отырысында жолдаудағы  міндеттерді  іске асырудың тетіктері жөнінде баяндаған Ерлан Сағадиев осылай деді. Білім және Ғылым министрінің айтуынша бұл оқулық енді жаңа атаумен, жаңа бағдарлама бойынша қайта басылады. Министр мектептерде жыр болған «Күнделік кз» порталына қатысты да түсінік берді. Оқушы үлгерімін электронды түрде бағалайтын бұл әдіс көп ұстаздың сынына іліккені белгілі. Алайда, бас мұғалім бұл мәселеге қатысты мектеп директорлары ләм-мим демегендігін айтты.

«Күнделік» 400 мектепке пилот ретінде енгізілді. Енді мектеп директорлары айтса, керек емес болса, сол ақпаратты берсе, өзім сөйлесем ғой сол мұғалімдермен»,- деді ҚР Білім және ғылым министрі, Ерлан САҒАДИЕВ.

Ал, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтындығын ескерткен Үкімет Басшысы, қандай-да бір шешім қабылдамас бұрын жобаны қоғамның талқысына салуды тапсырды. Сондай-ақ,  министрлік оқу жылы басталарда көше жағалап, бала тіркеуге мәжбүр болған мұғалімдердің проблемасын шешіпті. Бұдан былай, бірде бір педагог «санақ» жүргізу ісімен айналыспайды. Өйткені, мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің ортақ базасы құрылмақ. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир