|
27.02.2017 | 12:03
1398

СДУ-да қоғамның әлеуметтік-рухани дамуының негізгі мәселелері талқыланды

Сондай-ақ Мәңгілік ел идеясын әр қазақтың, әр азаматтың санасына сіңіру керек. Әсіресе, жастар бұл істе бастамашы болуы қажет. Алматыдағы Сүлеймен Димерел атындағы университетте өткен жиында қоғамның әлеуметтік-рухани дамуының негізгі мәселелері талқыланды. Елбасы Жолдауында адами капитал сапасын жақсартуға басымдық берілген. Онда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру қажеттігі ерекше атап көрсетілген. Жалпы адами капитал мәселесі Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап айтылып келеді. Қай саланы алсақ та, ғылыми-техникалық даму, бизнес, қауіпсіздік жағы болсын, адами капитал басты нәрсе болып қала бермек. Мұны жиынға қатысқандар ерекше атап көрсетті.


«Адами капитал дегеніміз білімді, ден сау, елін ойлайтын азамат, ал білімді адам, дені сау адам, материалдық игілігі бар адам, осы елдің құндылығын да біледі, осы елдің бүгінгісін де, ертеңін де ойлайды», - деді  қоғам қайраткері Амангелді АЙТАЛЫ.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир