|
18.03.2017 | 11:17
1253

Сербиядағы босқындар барар жеріне жете алмай жүр

Сербиядағы босқындар барар жеріне жете алмай жүр. Олар, Белгардтағы теміржол стансасы маңындағы ескі қоймаларда қыстап шыққан. Батыс Еуропа шекарасының ашылуын күткен мигранттар қыстың қақаған аязына шыдап берген. Шекара әлі де жабық, босқындардың үміті өшкен. Қараусыз қалған қоймаларда қазір 2 мыңға тарта босқын мекен етеді.

«Мейірімді жандар босқындарға барынша көмектесіп, отын, тамақтарын апарып беріп жатыр. Соңғы уақытта оларды үрей басқан, шекара ашылады дегенге сенімдері аз. Содан болар, босқындар ашынып жүр, бірін-бірі тыңдамай, әлденеге ашуланатын болды. Күткендері - осы шекарадан өтіп кету»»,- деді Ерікті, Нуно МИГЕЛ.

¤Ал мына босқындар сербтік-венгерлік шекара маңындағы ормандарда шатыр тігіп  тұрып жатыр. Мезгіл-мезгілімен шекарадан өтуге тырысып бағады, әйтсе де оларды ұстап алып, кері қайтарып жатыр. Бұл ретте «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы венгер билігін заң бұзушыларға қатыгездік көрсетеді деп айыптап отыр. 

" Кейде қашып бара жатқан жерімізден артымыздан ит жібереді. Ұстап алса, бірінші кезекте, телефондарымызды сындыруға асығады. Кей кезде әйелдерді де ұрып, соғып тастайды"»,- деді Нуно МИГЕЛ, Босқын.

Босқындарға арналған балқандық дәліз өткен жылдың наурыз айында жабылып қалған еді. Бұған қарамастан, қашқындар Сербияға көшуін тоқтатпады. Елде қазір 8 мыңға жетеғабыл босқын жиналған. Ресми орталықтарда оларға орын жетпей жатыр. Сондықтан, олар ескі қоймаларды паналауға мәжбүр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир