|
01.03.2017 | 11:58
5572

Серік Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты болды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырды. Серік Жұманғалиұлы Сәпиев қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап «Astana Arlans» командасының бас директоры. Серік Сәпиев 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алтын жүлде жеңіп алғанын болатын. Ол Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны болған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Олимпиада
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир