|
28.12.2016 | 12:17
1579

«Шапекоэнсе» ойыншылары отырған ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталды

Колумбияның азаматтық авиация басқармасының тергеушілері «Шапекоэнсе» Бразилия футбол командасы апатқа ұшыраған ұшақтың құлауына не себеп болғанын айтты. Алдын ала ақпар бойынша, қасіретке боливиялық ауекомпания мен ұшқыштар кінәлі.

«Бізде бір де бір техникалық ақаудың апатқа себеп болмағаны жөнінде дәлеліміз бар. Бар қателік Боливияның авиациялық билігі мен ұшуды ұйымдастыру және басқару орталығы, компанияның әкімшілігі, жалпы айтқанда - адамдардан болып отыр. Тергеу барысында жалпы салмағы инструкцияға сай болмағанын анықтадық», - деді Колумбияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Фредди БОНИЛЬЯ.

Шамадан артық салмақпен қатар апатқа әкеп соққан басқа да қателіктер белгілі болды. Ұшу алдында ұшқыш жанармай үстеме құю жайлы өтініш білдірмеген. Ал, әуеде болған кезде қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істемей тұрғанын кеш хабарлаған. Экипаж мүшелерінде қандай да бір әрекет етуге мүмкіндігі болмаған. Бортта 77 адам болған. Тек алтауы ғана аман қалды. «Шапекоэнсе» футбол командасы сол кезде Оңтүстік Америкалық кубоктың ақтық ойынына бара жатқан еді. Апаттан соң тасымалдаушы әуекомпанияның басшысы және ұлы ұсталды. Екеуі де болған оқиғаға қатысымыз жоқ деп отыр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир