|
26.01.2017 | 12:48
1392

Шетелдік инвесторларға «Көші-қон туралы заңдағы» өзгертулер түсіндірілді

Шетелдік инвесторлар мен халықаралық тауар палаталарының өкілдеріне «Көші-қон туралы заңдағы» өзгертулер түсіндірілді. Көбін виза алу рәсімін жүргізудің қиындығы мен қажетті құжаттар тізімі толғандырады. Аталмыш енгізулер Қазақстанда жұмыс істегісі келген шетелдік кәсіпкерлерге тікелей қатысты. Ол үшін ішкі Істер министрлігімен алдын ала келісілген жергілікті атқарушы органдардың, қаланың және облыстың өтінішін алуы тиіс. Тек сонда ғана бизнес-иммигранттарға виза беріледі.

«Қазақстандағы компания шетелден инвесторды алып келу үшін ол шақыру жасайды. Ол шақыру Алматы қаласы Ішкі істер департаментінен келісім алуға қажет, сол келісімді алу үшін Алматы қаласы әкімшілігінен тағы бір келісім алу кажет», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Айдар САПАРОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир