|
25.01.2017 | 09:45
1435

Шетелдік спортшылардың алғашқы легі Алматыға келді

Байрақты бәсекеде бақ сынайтын шетелдік спортшылардың алғашқы легі Алматыға келді. Күн шығыстан ат арытқан атлеттерді әуежайда жарыс ұйымдастырушылары мен бір топ  ерікті күтіп алды. Олар шайбалы хоккейден сайысқа түспек. Тіпті, додада топ жарамыз деп отыр. Жапониядан ұзын-ырғасы 62 адам келген. Арасында хоккейшілер, олардың жаттықтырушылары мен жанкүйерлері де бар.                                                                            

«Алматыға тек жеңіс үшін келдік. Біздің құрамада мықты ойыншылар бар. Жарысқа тас-түйін дайынбыз. Толқыныс бар, әрине. Бірақ, сайыста топ жаруға барлық күш-жігерімізді саламыз»,- деді Хоккейші, Кентаро ТАНАКА.¤

Сайыс ұйымдастырушылары жапондық спортшыларды Атлеттер ауылына жайғастырды. Әрбіріне тиісті көмек көрсетіледі. Хоккейшілер өз дайындықтарын ертең бастайды. Одан өзге, оларға Алматының көрікті орындары мен спорттық нысандар таныстырылмақ. Сондай-ақ, қытайлық хоккейшілер де қаламызға келіп үлгерді. Ұзын-ырғасы 74 адам. Ұйымдастырушылар оларды да жайлы пәтерлерге жайғастырған.                            

Регистрация, аккредитация жағынан барлығына көмектесіп, оларды орналастырамыз»,- деді Ерікті, Ертіс МАЗТАЕВ.






Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир