|
31.01.2017 | 09:45
1368

Шымбұлақта сноуборд пен шаңғыдан жылдам сырғанаудан мықтыларды анықтады

Шымбұлақ тау шаңғы аймағы нағыз сайыс алаңына айналды. Қыз жігіттер сноуборд пен шаңғыдан жылдам сырғанаудан мықтыларды анықтады. Кедергілер арқылы сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен таудан құлдилай келген студенттер арасында қазақ намысын қорғаған студентер де болды. Бірақ, бес жыл дайындалған универсиаданың шешуші сәтінде сенім артқан спортшыларымыз сүрініп қалды.

Қысқы жарыстың көркін қыздырып, қар үстінде құстай заулаған тартыстың бірі ерлер арасындағы шаңғымен сырғанау сайысы болды. 75 жігіт кезек-кезек бір жарым шақырым жолды санаулы секунттарда жүйткіп өтті. 36 кедергіден құламай өткен спортшылардың арасында ел намысын Захар Кучин, Сергей Данов сынды барлығы бес жігіт қорғамақ болған еді. Бірақ, шетелден үкілеп әкелген Мартин Хубердің өзі 1580 метрді 1 минут 5 секунтта өтіп, 12 орынға жайғасты.  Шымбұлақта тау шаңғы спортынан әйелдер арасында ресейліктердің мерейі өсіп, мәреге бірінші жетті. 36 қақпалы жолдан жаңылмай өткен Елена  Яковишина алтынды еншілесе, екінші орынды финляндиялық Нея Лукко, ал қола жүлде жапондық Аса Андоға  бұйырды.

«Шын мәнісінде қар мұз болғандықтан жүру қиын болды. Мен қателік жібердім бе деп қатты уайымдадым. Бірақ, бірінші орын алғанымды естігенде қатты қуандым. Универсиада ойындарына алғаш қатысуым. Алматының таулары өте әдемі әсер қалдырды. Бос уақытым болса қаланы қуана-қуана аралайтын боламын»,- деді Тау-шаңғы спортынан ресей құрамасының мүшесі 1-орын жүлдегері, Елена ЯКОВИШИНА.

Ал Қазақстан құрамасының атынан шыққан қос қызымыз құлашын кеңге жаза алған жоқ. 42 қыздың арасында Карпова мен Григрева 28-ші, 29- орындарға жайғасты. Көп уақыт дайындалған бәсекеде мүлт кеткен біздің елдің қыздары шешуші сәтте қобалжып, қорыққандарын баса алмағанын жеткізді. 

«Бұл ойын оңай болған жоқ. Өте қиын болды. Оның үстіне, жер мұз болып, жылдамдықты басқара алмадым. Бәсекелестерім де өте тыңғылықты дайындалған. Старт кезінде қатты қобалжыдым. Ертең аралас слаломға жарысам»,- деді Тау-шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі, Екатерина КАРПОВА.

Сноуборд сайысының алғашқы іріктеуінде қос спортшы сыннан өте алмаса, бәйгеге қосқан Роллан Садықов жарысты жақсы бастаған еді. Бірақ, орта жолда омақасып, олда сайыстан сырғып қалды. 350 метрлік жерді өнер көрсеткен Қазақстан қыздарыда финалға жете алмады. Бұл  жолығы жарыста ресей, италия, полшалықтардың мерейіс үстем болды.

Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир