|
13.03.2017 | 11:23
1207

Шымкентте жеткіншекті жер жастандырған күдіктілердің бірі қолға түсті

Шымкентте жеткіншекті жер жастандырған күдіктілердің бірі қолға түсті. 26 жастағы қандықол Қордай қаласында тұтқындалған. Ол қаладан көлікпен қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Қазір аталған дерек бойынша, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Әзірге, оқиғаның жай-жапсары анықталған жоқ. Күдіктінің қалған сыбайластары іздестірілуде. Ол осыған дейін де қарашылық әрекеттері үшін істі болған екен. Алдын ала болжам бойынша, іңір түскен Шымкентте бір топ бала сөзге келмей, жұдырықтасқан. Жанжал соңында күдіктілердің бірі - төңірекке  оқ жаудырыпты. Салдарынан осы ұрыстан 14 жастағы бала мерт болды. Оның бірнеше жеріне оқ тиген. Тағы 2 бала жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қордай аудандық ІІБ полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде, Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 379 бабы, 1 тармағы бойынша тілкелді. Ұсталған азаматқа қатысты тергеу жүргізіліп, іс ОҚО ІІД-не жолданды», - деді Жамбыл облысы ІІД бөлім басшысы Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир