|
14.07.2017 | 14:16
1300

Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты сот басталды

Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты сот басталды. Оған аса ірі көлемде салықтан жалтарды, табыс туралы хаттаманы дұрыс толтырмаған және пара берді деген Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айып тағылып отыр.  Прокурордың айтуынша, Төлешов серіктестік кассасынан ірі ақша алу арқылы салық төлемеу жолдарын қарастырған көрінеді. Жалпы алғанда бюджетке 66 миллион теңге төленбей қалған. Төлешовпен бірге сотқа келген 8 адамның 3-еуі әйел. Олар сыра зауытының бұрынғы қызметкерлері. Одан өзге ірі көлемде пара алды деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер де бар көрінеді.

Бизнесмен оларға бес миллион теңгеге дейін сыйлық беріп отырған. Сот отырысы басталысымен үш бірдей айыпталушы прокурормен процессуалдық келісім жасауға ниет танытты. Олардың ішінде бұрынғы салықшы Мадияр Мұсаев және Төлешовтың қоластында істеген Ольга Аллакулиева мен Светлана Луких бар.

Еске салайық, 2016 жылдың қарашасында сот Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир