|
03.04.2017 | 11:55
1154

"СК-Фармация" компаниясы 1,3 миллиард теңге айыппұл төледі

"СК-Фармация" компаниясы 1,3 миллиард теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

Аталған компанияны тексеру барысында біраз заң бұзушылықтар анықталып, өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Ведомство таратқан ақпарға сәйкес "СК-Фармация" серіктестігі 2010 жылдан бастап 2015 жыл аралығында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен  медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметін сатып алуды бір лотпен өткізген. Осылайша "СТОФАРМ" компаниясы осы қызметтердің монополисі ретінде жасағаны анықталған. Еске сала кетейік, осыған дейін "СК-Фармация" компаниясындағы барлық басқарушы директор қызметтен босатылған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир