|
09.08.2017 | 11:45
1537

Таразда той кезінде автоматтан оқ атылды

Таразда той кезінде автоматтан оқ атылды. Іркес-тіркес той кортеджінің қатысушылары әуеге оқ жаудырып, төңіректегі тұрғындардың зәре-құтын қашырған. Жергілікті полицейлер суық қару пайдаланған күдіктілерді көп ұзамай тұтқындады. Екі адам қамауға алынған. Ал тәркіленген қаруларға балистикалық сараптама тағайындалды. Анығы - жас жігіттер пайдаланған қару өздеріне тиесілі емес екен.                  

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы 4-бөлімі бойынша және 293 бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару мен қару-жарақтарға сараптама тағайындалды. Жауап алу барысында екі күдікті кінасын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы Ботагөз ТЕМІРБАЕВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир