|
16.02.2017 | 12:30
8680

Тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы Алматыда қарқынды жүзеге асырылуда

Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы Алматыда қарқынды жүзеге асырылуда. Алматы мемлекеттік бизнес колледжі жаңа екі мамандықты биылдан бастап іске қоспақ. Енді оқу орнында аспазшылар мен кондитерлер даярланбақ. Әсіресе білім іздеп қалаға келген ауыл жастарына көңіл бөлінеді. Бүгінде колледжде білім алып жүрген 1800 студенттің 60 пайызы ауыл жастары. Жалпы, техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары дейді колледж басшысы.

«Біз сұранысты қалай байқаймыз. Ол жастардың оқу бітірген соң, баланың жұмысқа орналасуы. Биыл міне қазір 100 бала технолог білімін алып бітірді. Соның 90 пайызы енді декретке кеткені бар, армияға кеткені бар. 90 пайызы қазір жұмыс істеп жатыр және жұмыс істейді де»,- Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры, Гүлфайруз ҚАСЫМОВА.

Жолдауды Алматы қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері талқылады. Олар Қазақстанның үшінші жаңғыруы адам капиталын дамыту мәселесі ең алдымен жастардан басталады деген пікірде. Алматы қаласының колледждерінде 57 мамандық бойынша тегін білім беру жоспарлануда. Ниеттеніп, оқимын деген жастар еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеуші, темір, ағаш жону шебері, автомеханик, құрылыс пен сауда, менеджер мен туризм мамандықтарында білім ала алады. Қазірдің өзінде әр колледж 100-ге жуық шәкіртақы бөлуге дайын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир